https://sputnik.kz/20240822/qazaqstan-zholaushylar-ushagyn-rekordtyq-kolemde-importtady-46506216.html
Қазақстан жолаушылар ұшағын рекордтық көлемде импорттады
Қазақстан жолаушылар ұшағын рекордтық көлемде импорттады
Sputnik Қазақстан
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2015 жылдан бері мұндай көрсеткіш болмаған 22.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-22T11:15+0500
2024-08-22T11:15+0500
2024-08-22T11:15+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/1022/06/10220671_0:139:2048:1291_1920x0_80_0_0_e145ab5a0a3b255ded759ba118540d1c.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан жолаушылар ұшағын рекордтық көлемде импорттады.6 айдың қорытындысы бойынша шетелден сыйымдылығы 50-ден 300 адамға дейін 13 ұшақ сатып алынды. Мұндай көрсеткіш кем дегенде 2015 жылдан бері болмаған, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.Әдетте, бірінші жартыжылдықта елге әкелінген ұшақ саны бестен аспайды. Дегенмен 2018 жылы 8 ұшақ және 2024 жылы 13 ұшақ сатып алынса, 2016 жылы мүлде сатып алынбаған.Негізгі жеткізушілер – Франция мен Ирландия, сәйкесінше 6 және 4 ұшақ. АҚШ 2, Германия 1 ұшақ жіберді.Ақшалай есептегенде ұшақ импорты 656 миллион долларға жетті. Бұл өткен жылғы деңгейден номиналды түрде үш есе жоғары. Есеп бойынша бір ұшақ орташа есеппен 50,5 миллион доллар тұрады. Бір жыл бұрын 5 ұшақ жеткізілгенде бұл көрсеткіш 46,3 миллион доллар болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1022/06/10220671_118:0:1931:1360_1920x0_80_0_0_e58a7dfb33cc9a863a3d1df7edf1101a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
Қазақстан жолаушылар ұшағын рекордтық көлемде импорттады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2015 жылдан бері мұндай көрсеткіш болмаған
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан жолаушылар ұшағын рекордтық көлемде импорттады.
6 айдың қорытындысы бойынша шетелден сыйымдылығы 50-ден 300 адамға дейін 13 ұшақ сатып алынды. Мұндай көрсеткіш кем дегенде 2015 жылдан бері болмаған, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Әдетте, бірінші жартыжылдықта елге әкелінген ұшақ саны бестен аспайды. Дегенмен 2018 жылы 8 ұшақ және 2024 жылы 13 ұшақ сатып алынса, 2016 жылы мүлде сатып алынбаған.
Негізгі жеткізушілер – Франция мен Ирландия, сәйкесінше 6 және 4 ұшақ. АҚШ 2, Германия 1 ұшақ жіберді.
Ақшалай есептегенде ұшақ импорты 656 миллион долларға жетті. Бұл өткен жылғы деңгейден номиналды түрде үш есе жоғары. Есеп бойынша бір ұшақ орташа есеппен 50,5 миллион доллар тұрады. Бір жыл бұрын 5 ұшақ жеткізілгенде бұл көрсеткіш 46,3 миллион доллар болған.