https://sputnik.kz/20240822/qazaqstan-reseymen-shekaradagy-avtomobil-kopirin-zhondeydi-46514372.html
Қазақстан Ресеймен шекарадағы автомобиль көпірін жөндейді
Қазақстан Ресеймен шекарадағы автомобиль көпірін жөндейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан Таловая өзені арқылы жүргізілген “Сырым” мен “Маштаково” шекара бекеттері арасындағы автомобиль көпірін жөндейді. 22.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-22T15:37+0500
2024-08-22T15:37+0500
2024-08-22T15:37+0500
көлік
шекара
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан Таловая өзені арқылы жүргізілген “Сырым” мен “Маштаково” шекара бекеттері арасындағы автомобиль көпірін жөндейді. Қазақстанның көлік министрлігі екі ел үкіметтері арасындағы келісімге қол қою туралы бұйрық жобасын “Ашық нормативтік-құқықтық актілер” порталында жариялады. Келісімде автокөлік көпірі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ортақ меншігі болып табылады делінген. Жол көпірін жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары 6 жыл мерзіммен кезектесіп жүргізілуде, ендігі кезек Қазақстан тарапында. Бұл ретте көпірді жөндеуге, күрделі жөндеуге және күтіп ұстауға байланысты барлық шығынды екі ел тең үлесте көтереді. Қазақстандықтар жұмысты орындаған кезде төлемдер теңгемен жүргізіледі. Ал ресейлік тарап өз жұмыс көлемін аяқтаған кезде есеп айырысу ресейлік рубльмен орындалады. Шығындарды өтеу 30 күн ішінде жүзеге асырылуы керек. Шекарадағы автомобиль көпірін жөндеу және қайта жаңарту Таловая өзенінің су ағынының бағытын өзгертпеуі, оның арнасының, жағалауының және Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының сызығының өзгертпеуі, сондай-ақ аймақтағы экологиялық және басқа да қауіпсіздікке залал келтірмеуі керек. Келісім пайдалану және техникалық қызмет көрсету аймақтарының шекарасын анықтайды. Ол белгісіз мерзімге жасалады және дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 60 күн өткен соң күшіне енеді, деп хабарлады Қазақстанның көлік министрлігі.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, шекара, ресей
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан Таловая өзені арқылы жүргізілген “Сырым” мен “Маштаково” шекара бекеттері арасындағы автомобиль көпірін жөндейді.
Қазақстанның көлік министрлігі екі ел үкіметтері арасындағы келісімге қол қою туралы бұйрық жобасын “Ашық нормативтік-құқықтық актілер” порталында жариялады. Келісімде автокөлік көпірі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ортақ меншігі болып табылады делінген. Жол көпірін жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары 6 жыл мерзіммен кезектесіп жүргізілуде, ендігі кезек Қазақстан тарапында.
Бұл ретте көпірді жөндеуге, күрделі жөндеуге және күтіп ұстауға байланысты барлық шығынды екі ел тең үлесте көтереді. Қазақстандықтар жұмысты орындаған кезде төлемдер теңгемен жүргізіледі. Ал ресейлік тарап өз жұмыс көлемін аяқтаған кезде есеп айырысу ресейлік рубльмен орындалады. Шығындарды өтеу 30 күн ішінде жүзеге асырылуы керек.
Шекарадағы автомобиль көпірін жөндеу және қайта жаңарту Таловая өзенінің су ағынының бағытын өзгертпеуі, оның арнасының, жағалауының және Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының сызығының өзгертпеуі, сондай-ақ аймақтағы экологиялық және басқа да қауіпсіздікке залал келтірмеуі керек.
Келісім пайдалану және техникалық қызмет көрсету аймақтарының шекарасын анықтайды. Ол белгісіз мерзімге жасалады және дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 60 күн өткен соң күшіне енеді, деп хабарлады Қазақстанның көлік министрлігі.