https://sputnik.kz/20240822/navigatsiyalyq-plombalar-eaeo-elderindegi-tauar-aynalymynyn-zandylygyn-qamtamasyz-etedi-46521997.html
Навигациялық пломбалар ЕАЭО елдеріндегі тауар айналымының заңдылығын қамтамасыз етеді
Навигациялық пломбалар ЕАЭО елдеріндегі тауар айналымының заңдылығын қамтамасыз етеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА - 22 тамыз, Sputnik. ЕЭК Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаров навигациялық пломбаларды... 22.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-22T18:37+0500
2024-08-22T18:37+0500
2024-08-22T18:37+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/01/15/41716804_0:77:1401:865_1920x0_80_0_0_fdd14130175d1ae40bd8fc9805ddc4e5.jpg
АСТАНА - 22 тамыз, Sputnik. ЕЭК Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаров навигациялық пломбаларды енгізу ЕАЭО елдеріне қандай артықшылық беретіні туралы айтты. ЕЭК-тің телеграм-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кедендік блоктың қазіргі кездегі басты міндеті – елдер арасындағы жүк транзитінің қарапайым және ашық болуын қамтамасыз ету. Кедендік реттеу мемлекет пен бизнестің мүдделері үшін әрекет етеді. Департамент директоры орынбасарының айтуынша, бұл бағытта мемлекеттік органдармен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда комиссия тауарларды қадағалауға қажетті барлық құқықтық және нормативтік актілерді қабылдады, ал ұйымға мүше елдер өздерінің ақпараттық жүйелері мен заңнамалық базасын дайындауда. “Навигациялық пломба – пломбалау элементін, сондай-ақ навигациялық-спутниктік жүйелер технологиясы негізінде жұмыс істейтін электрондық блокты қамтитын техникалық құрылғы. Аталған жүйелер онлайн режимінде жұмыс істейді және осы пломба тіркелген ұлттық операторға ақпаратты жолдайды. Барлық бақылаушы органдар бұл ақпаратқа қол жеткізе алады. Егер, навигациялық пломба рұқсатсыз үзілсе немесе сигнал жоғалса немесе батарея қуаты таусылса, жүйе мұны тіркейді және ұлттық операторға дабыл сигналын жолдайды. Навигациялық пломбалар арқылы жөнелтілімдерді қадағалау механизмі, біріншіден, осы жөнелтілімдердің ашықтығын, сондай-ақ біздің елдердегі тауар айналымының заңдылығын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, ол бақылаушы органдардың мұндай жүктердің жүру жолындағы бақылау-тексеру қызметін барынша азайтады”, - деді Нұрлан Байназаров.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/15/41716804_0:0:1213:909_1920x0_80_0_0_1a77010499f9427f6c83fa6e15f00866.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА - 22 тамыз, Sputnik. ЕЭК Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаров навигациялық пломбаларды енгізу ЕАЭО елдеріне қандай артықшылық беретіні туралы айтты.
ЕЭК-тің телеграм-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кедендік блоктың қазіргі кездегі басты міндеті – елдер арасындағы жүк транзитінің қарапайым және ашық болуын қамтамасыз ету. Кедендік реттеу мемлекет пен бизнестің мүдделері үшін әрекет етеді.
“Мемлекеттік органдар үшін экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды, ал бизнеске қарапайым кедендік реттеу, қажетсіз қаржылық шығындардың болмауы, ең бастысы заңнамада қайшылықтардың болмауы қажет. Осыған байланысты бұл салада жалпы алғанда барлық елдер транзитке мүдделі”, - деді Нұрлан Байназаров.
Департамент директоры орынбасарының айтуынша, бұл бағытта мемлекеттік органдармен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатыр.
“Осындай бағыттардың бірі - одақта навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауды қадағалау механизмін құру болып табылады. Бұл келісімге мемлекет басшылары 2022 жылдың сәуірінде қол қойып, 2023 жылдың сәуірінде күшіне енді. Навигациялық пломбалар арқылы тасымалдауды қадағалаудың бұл механизмі кедендік бақылаудағы тауарларды және өзара сауда арқылы біздің елдеріміз арасында өтетін тауарларды қадағалауды қамтиды”, - деді ЕЭК өкілі.
Бүгінгі таңда комиссия тауарларды қадағалауға қажетті барлық құқықтық және нормативтік актілерді қабылдады, ал ұйымға мүше елдер өздерінің ақпараттық жүйелері мен заңнамалық базасын дайындауда.
“Навигациялық пломба – пломбалау элементін, сондай-ақ навигациялық-спутниктік жүйелер технологиясы негізінде жұмыс істейтін электрондық блокты қамтитын техникалық құрылғы. Аталған жүйелер онлайн режимінде жұмыс істейді және осы пломба тіркелген ұлттық операторға ақпаратты жолдайды. Барлық бақылаушы органдар бұл ақпаратқа қол жеткізе алады. Егер, навигациялық пломба рұқсатсыз үзілсе немесе сигнал жоғалса немесе батарея қуаты таусылса, жүйе мұны тіркейді және ұлттық операторға дабыл сигналын жолдайды. Навигациялық пломбалар арқылы жөнелтілімдерді қадағалау механизмі, біріншіден, осы жөнелтілімдердің ашықтығын, сондай-ақ біздің елдердегі тауар айналымының заңдылығын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, ол бақылаушы органдардың мұндай жүктердің жүру жолындағы бақылау-тексеру қызметін барынша азайтады”, - деді Нұрлан Байназаров.