"Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр — Антикор

© Sputnik/Ертай СарбасовАнтикоррупционная служба. Здание в Алматы
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Антикор "Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Astana LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Тергеу барысында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Т. Арданға қатысты жиналған дәлелдер оның әрекеттерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді", — делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылып отыр.
"Алайда, күдікті Т. Ардан Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды", — деп хабарлады агенттік.
Жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Т. Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00–де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "Б" блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет.

Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР ҚПК 68-бабы).

Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК 67-бабы).
Жаңалықтар
0