Жетісу облысында 34 мың халыққа арналған аурухана жатақхананың жартысын паналап отыр

© Айдана ДайыроваЖатақхананың жартысында орналасқан стационар
Жатақхананың жартысында орналасқан стационар - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
Жазылу
Ақсу ауданындағы аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты әбден тозған, өйткені 1973 жылы іргетасы қаланған
АЛМАТЫ, 21 тамыз – Sputnik. Жетісу облысы Ақсу ауданының орталық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстары бітпей тұр. Салдарынан ауданның 34 мың халқы студенттерге арналған жатақхана ғимаратының жартысында жатып ем алып жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Айдана ДайыроваЖатақхананың жартысында орналасқан стационар
Жатақхананың жартысында орналасқан стационар - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
Жатақхананың жартысында орналасқан стационар
Ақсу ауданының орталығы – Жансүгіров ауылы. Аудандық аурухана да осында орналасқан. Қазіргі күні 34 мың халыққа арналған аудандық аурухана екіге бөлініп кеткен. Емхана бір қабатты ескі ғимаратты паналаса, стационар арнайы кәсіптік-техникалық білім беретін училище жатақханасының жартысына кірген. Өйткені аудандық ауруханада елу жыл дегенде әрең жеткен күрделі жұмыстар бітетін түрі жоқ.
© Айдана ДайыроваЖаңадан салынып жатқан аудандық аурухана
Жаңадан салынып жатқан аудандық аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
Жаңадан салынып жатқан аудандық аурухана
"Ауданда 34 мың халыққа қызмет көрсетеміз. Күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылдың қыркүйегінде басталу керек болған, бірақ бас жоспар өзгертіліп желтоқсан айында, екі айдан кейін басталды. Негізі бас жоспар бойынша күрделі жөндеу жасалған аудандық аурухана ғимараты биыл қыркүйекте берілуге тиіс", - дейді Ақсу аудандық ауруханасының бас дәрігері Байқадам Құрымбай.
© Айдана ДайыроваЖансүгіров ауылындағы емхана
Жансүгіров ауылындағы емхана - Sputnik Қазақстан
1/6
Жансүгіров ауылындағы емхана

2/6

3/6

4/6

5/6

6/6
Жансүгіров ауылындағы емхана
1/6
Жансүгіров ауылындағы емхана
2/6
Жансүгіров ауылындағы емхана
3/6
Жансүгіров ауылындағы емхана
4/6
Жансүгіров ауылындағы емхана
5/6
Жансүгіров ауылындағы емхана
6/6
Жансүгіров ауылындағы емхана
Қыркүйекке жарты ай қалды, бірақ құрылыстың жартысы да бітпеген.
"Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан "Ракада" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қосалқы мердігер екен. Тапсырыс беруші – облыстық әкімдіктің құрылыс бөлімі. Біз тапсырыс беруші болмағандықтан қанша қаражат бөлінгенін, құрылыс қашан бітетінін білмейміз", - дейді аурухана басшылығы.
Ақсу ауданындағы аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты әбден тозған, өйткені 1973 жылы іргетасы қаланған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген, дейді дәрігерлер.

Оқу жылы бітпей жатып жатақхананың жартысына көшіп кірген

"Әрең деп күрделі жөндеуге қолымыз жеткенде жағдайымыз осындай болып тұр. Салдарынан екіге бөлініп, екі ғимаратта қызмет көрсетуге мәжбүрміз. Біз былтыр көшкен кезде облыстық білім беру басқармасынан студенттер жатақханасының жарты ғимаратына кіру туралы рұқсат алдық. Былтыр оқу жылы аяқталмай тұрып, жатақхананың жартысына кірдік", - дейді Байқадам Құрымбай.

Көңіл сыйса, бәрі сыяды

Ведомство мамандарының айтуынша, студенттер жатақханаға кіру үшін бөлек жол, ауруханаға келетіндер үшін бөлек жол жасалған. Әр мекеменің өз қоршауы бар. Жарты ғимаратта 34 мың халыққа қызмет көрсетіп жүрген дәрігерлер "көңіл сыйса, бәрі сыяды" дейді.
© Айдана ДайыроваЖатақхананың жартысында орналасқан стационар
Жатақхананың жартысында орналасқан стационар - Sputnik Қазақстан
1/7
Жатақхананың жартысында орналасқан стационар
© Айдана ДайыроваЖатақхананың жартысында орналасқан стационар
Жатақхананың жартысында орналасқан стационар - Sputnik Қазақстан
2/7

3/7

4/7

5/7

6/7

7/7

"Жатақханаға сыймай қалып жатқан жоқпыз. Бәрі жақсы. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы облыстағы барлық ауруханаға: "егер Ақсу ауданында науқастар сыймай, жағдай ауыр болып жатса, басқа ауруханаларға кедергісіз қабылдасын деп тапсырма берген болатын. Қазір бізде ауыр науқас болса, дереу облыстық ауруханаға өз көлігімізбен жеткіземіз. Негізі басты арман-тілегіміз – аурухана құрылысы тезірек аяқталса дейміз", - дейді аудандық аурухананың дәрігерлері.
Жатақханадағы жарты ауруханадан талай ақсулық әйел ана атанып, талай науқас дертіне шипа тауып жүр. Ал ақ халаттылар болса, науқасты қандай жағдай болса да емдейміз дейді.
Жаңалықтар
0