Түркістанда жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге жалақы төленген

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
Жазылу
Заңсыз төленген жалақыны "Еңбек мобильділігі орталығының" қызметкерлері иемденіп отырған
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Түркістан қаласының еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленген, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Ведомство Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмысты әшкереледі.
"Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкерлері мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірген", - деп жазылған хабарламада.
"Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің жауапты тұлғалары "2021-2025" жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы" аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақысын төлеу барысында бірқатар кәсіпорынның басшыларымен сөз байласа отырып, мекемелерде іс жүзінде жұмыс істемейтін 132 азаматтың жеке дерегін "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыны иемденіп отырған.
Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0