https://sputnik.kz/20240821/shygys-qazaqstan-oblysynda-zhanbyrlatyp-suaru-boyynsha-birlesken-kasiporyn-quryldy-46477642.html
Шығыс Қазақстан облысында жаңбырлатып суару бойынша бірлескен кәсіпорын құрылды
Шығыс Қазақстан облысында жаңбырлатып суару бойынша бірлескен кәсіпорын құрылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. “Ертіс” ӘКК АҚ-ның қатысуымен отандық SPACETIME жаңбырлатқыш машиналарын өндіруші мекеме болашағы зор жобаны жүзеге асыруда, деп... 21.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-21T14:19+0500
2024-08-21T14:19+0500
2024-08-21T14:19+0500
шығыс қазақстан
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/15/46471972_0:94:1112:720_1920x0_80_0_0_384f5735ece09cd2525f27e5061e47dd.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. “Ертіс” ӘКК АҚ-ның қатысуымен отандық SPACETIME жаңбырлатқыш машиналарын өндіруші мекеме болашағы зор жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлады Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми арнасы.SPACETIME бас зауыты Астанада орналасқан және бас қалада өнім шығарады, бірақ болашақта суару техникасының дәл осындай өндірісі Шығыс Қазақстанда да құрылады. Осы мақсатта облыста бірлескен кәсіпорын құрылды.Суармалы егіншілікті дамыту, суды үнемдеу технологияларын енгізу және Қазақстанда су тапшылығын жою қажеттілігіне байланысты бұл машиналарды елімізде шығару осы өнімдерге деген жоғары сұранысты қанағаттандырады деп күтілуде.Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты “Багратион-2”, "Ram Agro" шаруа қожалықтарында Қазақстанда жасалған "Su Bereke" маркалы жаңбырлатқыш машиналардың алғашқы үлгілері орнатылып, нәтижелі жұмыс істеп жатыр.Диқандар “Қазақстанда жасалған” маркалы техниканы оң бағалап, қосымша тапсырыстар беруді жоспарлап отыр.ADAM компаниялар тобының техникалық мәселелер жөніндегі бас директоры Дидар Бимолдин "Su Bereke" жаңбырлатқыш машиналарының жергілікті қамтуындағы ұлесі 54%-ды құрайтынын айтты.Негізгі конструкциясы Қазақстанда өндірілетіні, болашақта отандық аналогтармен алмастырылатын кейбір құрамдас бөліктері ғана әкелінетіні айтылды.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/15/46471972_77:0:1037:720_1920x0_80_0_0_c111518457014ff12dbfe6d30d072aec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, ауыл шаруашылығы
шығыс қазақстан, ауыл шаруашылығы
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. “Ертіс” ӘКК АҚ-ның қатысуымен отандық SPACETIME жаңбырлатқыш машиналарын өндіруші мекеме болашағы зор жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлады Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми арнасы.
SPACETIME бас зауыты Астанада орналасқан және бас қалада өнім шығарады, бірақ болашақта суару техникасының дәл осындай өндірісі Шығыс Қазақстанда да құрылады. Осы мақсатта облыста бірлескен кәсіпорын құрылды.
Суармалы егіншілікті дамыту, суды үнемдеу технологияларын енгізу және Қазақстанда су тапшылығын жою қажеттілігіне байланысты бұл машиналарды елімізде шығару осы өнімдерге деген жоғары сұранысты қанағаттандырады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты “Багратион-2”, "Ram Agro" шаруа қожалықтарында Қазақстанда жасалған "Su Bereke" маркалы жаңбырлатқыш машиналардың алғашқы үлгілері орнатылып, нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
Диқандар “Қазақстанда жасалған” маркалы техниканы оң бағалап, қосымша тапсырыстар беруді жоспарлап отыр.
ADAM компаниялар тобының техникалық мәселелер жөніндегі бас директоры Дидар Бимолдин "Su Bereke" жаңбырлатқыш машиналарының жергілікті қамтуындағы ұлесі 54%-ды құрайтынын айтты.
Негізгі конструкциясы Қазақстанда өндірілетіні, болашақта отандық аналогтармен алмастырылатын кейбір құрамдас бөліктері ғана әкелінетіні айтылды.