https://sputnik.kz/20240821/dushanbede-qazaqtyn-uly-aqyny-abaydyn-byusti-ashyldy-46497192.html
Душанбеде қазақтың ұлы ақыны Абайдың бюсті ашылды
Душанбеде қазақтың ұлы ақыны Абайдың бюсті ашылды
Sputnik Қазақстан
Бұл қадам қос халықты жақындастыра түсетін рухани және мәдени байланыстарға тың серпін береді, деді Аида Балаева 21.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-21T21:14+0500
2024-08-21T21:14+0500
2024-08-21T21:14+0500
абай
тәжікстан
https://sputnik.kz/img/07e8/08/15/46483084_0:93:853:573_1920x0_80_0_0_65e1366de743b0fb62fb08d228b7ae60.jpg
АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Мәдениет күндері аясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев бюсті ашылды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі."Бүгінде Қазақстан мен Тәжікстанды мемлекет басшыларының достық пен өзара сенімге негізделген күш-жігері ғана біріктіріп отырған жоқ. Тәжікстан астанасы да қазақ халқының даңқты перзентінің тұлғасы тұғырға қонған әлем астаналарының біріне айналады. Бастысы, бұл қадам екі ел өміріндегі маңызды оқиға болуымен қатар, қос халықты жақындастыра түсетін рухани және мәдени байланыстарға тың серпін берері сөзсіз", — деді Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.Абай мүсіні Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында орнатылған.Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Душанбеде бірқатар іс-шара жоспарланған. Атап айтсақ, қазақстандық көркем фильмдер көрсетілімі, көрмелер мен танымал өнер майталмандарының қатысуымен концерттер өтеді.Мәдениет күндері 22 тамызда "Кохи Борбад" мемлекеттік кешенінде өтетін гала-концертпен қорытындыланады.
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/15/46483084_0:39:853:679_1920x0_80_0_0_b99704d6f51a377660fea2f193a0d4bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай, тәжікстан
Душанбеде қазақтың ұлы ақыны Абайдың бюсті ашылды
Бұл қадам қос халықты жақындастыра түсетін рухани және мәдени байланыстарға тың серпін береді, деді Аида Балаева
АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Мәдениет күндері аясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев бюсті ашылды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бүгінде Қазақстан мен Тәжікстанды мемлекет басшыларының достық пен өзара сенімге негізделген күш-жігері ғана біріктіріп отырған жоқ. Тәжікстан астанасы да қазақ халқының даңқты перзентінің тұлғасы тұғырға қонған әлем астаналарының біріне айналады. Бастысы, бұл қадам екі ел өміріндегі маңызды оқиға болуымен қатар, қос халықты жақындастыра түсетін рухани және мәдени байланыстарға тың серпін берері сөзсіз", — деді Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Абай мүсіні Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында орнатылған.
Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Душанбеде бірқатар іс-шара жоспарланған. Атап айтсақ, қазақстандық көркем фильмдер көрсетілімі, көрмелер мен танымал өнер майталмандарының қатысуымен концерттер өтеді.
Мәдениет күндері 22 тамызда "Кохи Борбад" мемлекеттік кешенінде өтетін гала-концертпен қорытындыланады.