20 тонна кеңсе тауарын өртеп жіберген: күдікті қолға түсті

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға жаз мезгілінің бас кезінде болған.
"Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді", - дейді ведомство.
Салдарынан 54 млн теңге залалал келген.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірген.
Жаңалықтар
0