Құрылысы кешіктіріліп жатқан әлеуметтік нысандар “антикор” бақылауына алынады

© Sputnik/Ертай СарбасовАнтикоррупционная служба. Здание в Алматы
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Ұйымның сайтында хабарланғандай, агенттік құрылысы біршама ұзақ уақыт жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарды бақылау жұмыстарын жалғастыруда. 

Осылайша, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің осындай нысандарды сүйемелдеуідің нәтижесінде 44 проблемалық нысанның құрылысын аяқтау қамтамасыз етілді. 

Олардың қатарында сумен жабдықтау нысандары, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, медициналық нысандар, тұрғын үйлер, жол жөндеу, көпір салу, бөгетті гидроторап пен қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары бар. 

Сондай-ақ, осы шаралардың арқасында Астанада 10 мектептің, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында 2 мектептің құрылысы аяқталды. 

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелерін ескере отырып, сүйемелдеу аясында 14 ауылда су құбырларының құрылысы аяқталды, алайда олардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылғаны айтылды. 

Жалпы, Агенттік ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының проблемалық мәселелерін қарауға бастамашы болып, аймақ әкімдіктері жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың 26 отырысында және Қоғамдық кеңестердің 25 отырысында қаралды. 

Жымқырудың алдын алу мақсатында іс-шаралар кешені жүргізілуде: мысалы, Шымкент қаласында ұзақ мерзімді құрылыс жобаларын қолдау аясында 3,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік пайда болды, сонымен қатар, қалада сыбайлас жемқорлық қаупін тудырған құрылыстың кепілдік мерзімін анықтаудың екіұдай тәжірибесі жойылды - құрылысқа кепілдік мерзімі енді кемінде 7 жыл болып белгіленді. 

Агенттік мұндай шаралардың нәтижесінде сапаға қосымша бақылау күшейтіліп, кепілдік мерзімінде жөндеу жұмыстарына бюджеттік шығындар азаяды деп болжайды. Қазір Агенттіктің бастамасымен Құрылыс кодексінің жобасына кемінде 5 жыл, қазіргі уақытта 2 жыл кепілдік мерзімін белгілейтін нормалар енгізілген. 

Агенттіктің сүйемелдеуі мен бпқылауында 125 нысанның құрылысы тұрғаны айтылды.
Жаңалықтар
0