Қазақстан мұнай экспортынан жылына 40 млрд доллар пайда табады

© AP Photo / Tony GutierrezДобыча нефти
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жазылу
Былтыр елімізде 90 миллион тонна мұнай өндірілген
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстан мұнай экспортынан жылына орта есеппен 40 миллиард доллардан астам пайда табады, деп хабарлады 24KZ.
Сәйкесінше елде қара алтын өндіру көрсеткіші артып келеді. Мысалы, шілде айында маусыммен салыстырғанда мұнай өндіру 4,6%-ке өскен. Бұл – 7,57 миллион тонна.
Ал табиғи газ өндіру өткен айда 7,9%-ке артқан. Бұл шамамен 5 миллиард текше метр.
Айта кетері, былтыр елімізде 90 миллион тонна мұнай өндірілген. Ал расталған қор 2,9 миллиард тоннаға бағаланып отыр.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2024
Мұнай-газ саласы барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек - үкімет басшысы
Жаңалықтар
0