Пәтер, ақша, көлік: Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады

© Алматы әкімдігіАлматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады
Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 тамыз - Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті. Ол спортшылар мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтап, алматылықтар Қазақстан қоржынына көп медаль салғанын атап өтті.
© Алматы әкімдігіАлматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады
Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады
Күміс жүлдегер гимнаст Нариман Құрбанов пен қола жүлдегерлер: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле және Ислам Сәтбаевқа пәтер сертификаттары және ақшалай сыйлықтар берілді. Барлық жүлдегер 5 және 4 миллион теңгенің сертификаты мен жаңа автокөліктердің кілтін алды.
© Алматы әкімдігіАлматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады
Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Алматы әкімі Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады
Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы да ақшалай сертификаттармен марапатталды. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың спортшылары әлемдік спорттың дамуына үлес қосып, сүйікті ісі мен еліне деген сүйіспеншілктің үлгісіне айналғанын айтты.
Спортшылар Қазақстан халқына қолдағаны үшін алғыс білдіріп, оның жарыс кезінде жеңіске жетелегенін атады.
Жаңалықтар
0