Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Курск облысына жасалған шабуыл Украинаның Еуроодаққа кіруіне кедергі емес – Петер Стано

© Sputnik / Алекс Макнотон / Медиабанкке өтуФлаг Евросоюза. Архивное фото
Флаг Евросоюза. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Киевтің Курск облысына шабуылы Украинаның Еуропалық Одаққа қосылу процесіне кедергі болмайды, деп мәлімдеді Еуропалық сыртқы саяси қызметінің өкілі Петер Стано.
Журналистер Мәскеу Украина қарулы күштерінің Курск облысына шабуылын теракт ретінде саралап, арандатушылық деп атағанын еске салып, бұл жағдай процеске қалай әсер ететінін сұрады.
"Украинаның өзін қорғауға құқығы бар, бұл Еуроодаққа кіру процесіне ешқандай әсер етпейді", - деді Стано Брюссельдегі брифингте.
2022 жылдың маусымында ЕО Украина мен Молдоваға үміткер ел мәртебесін берді. ЕО-ға үміткер елдің мәртебесі, сондай-ақ келіссөздердің басталуы елдің міндетті түрде Еуропалық Одаққа кіретінін білдірмейді. Кандидат мәртебесін алу – ЕО-ға кіру жолындағы ұзақ жолдың басы ғана.
Түркия 1999 жылдан бері кандидат мәртебесінде және 2005 жылдан бері ЕО-мен келіссөз жүргізіп келеді, Солтүстік Македония 2005 жылдан, Черногория 2010 жылдан, Сербия 2012 жылдан бері үміткер. Хорватия 10 жылдан кейін 2013 жылы ЕО-ға қосылды.
6 тамыз күні таңғы сағат 5.30-да Украина қарулы күштерінің бөлімдері Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты, олардың ілгерілеуі тоқтатылды, деп хабарлады Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимов.
Курск, Белгород және Брянск облыстарында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.
Жаңалықтар
0