https://sputnik.kz/20240820/kredit-aluga-zhubayynyn-kelisimin-alu-qagidasy-bekitildi-46456446.html
Кредит алатындарға жұбайының келісімі қажет: ереже бекітілді
Кредит алатындарға жұбайының келісімі қажет: ереже бекітілді
Sputnik Қазақстан
Түзетулер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі 20.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-20T18:10+0500
2024-08-20T18:10+0500
2024-08-20T18:31+0500
кредит
несие
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_0:40:3072:1768_1920x0_80_0_0_2cd846c537ae326c152e3fd382d76bbf.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидасын бекітті.Құжат 19 маусымда мемлекет басшысы қол қойған кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заңды іске асыру үшін қабылданды.Банктік қарыз немесе микрокредит шартына қол қоймас бұрын банк немесе МҚҰ клиенттің тіркелген некесінің болуы туралы ақпаратты Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексереді.Ақпарат расталған жағдайда және егер кредит сомасы белгіленген шектен асып кетсе, кредитор жұбайының (зайыбының) банктік қарыз немесе микрокредит беруге келісімін алуға міндетті.Келісім еркін жазбаша нысанда банктің бөлімшелерінде немесе МҚҰ филиалында қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда ресімделеді.Егер қарыз алушының жұбайы (зайыбы) кредитордың клиенті болған жағдайда, келісімді кредитордың мобильдік қосымшасы арқылы, өзге жағдайларда – клиенттің жұбайы (зайыбы) биометриялық идентификаттаудан өткен болса, "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы ресімдеуге болады.Түзету болашақта отбасының жалпы бюджетіне теріс әсер етуі мүмкін, ерлі-зайыптының біреуінің келісілмеген кредит алуын болдырмауға бағытталған.Сондай-ақ заңда қарыз алушының жұбайының (зайыбының) келісімінсіз берілген қарызды кредит берушінің есептен шығару міндеті көзделеді.Түзетулер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_34:0:2765:2048_1920x0_80_0_0_9c905cbed1b1f70bd6cd6a0e5d3aba5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, несие
Кредит алатындарға жұбайының келісімі қажет: ереже бекітілді
18:10 20.08.2024 (жаңартылды: 18:31 20.08.2024) Түзетулер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидасын бекітті.
Құжат 19 маусымда мемлекет басшысы қол қойған кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заңды іске асыру үшін қабылданды.
"Қаулымен жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшері 1000 АЕК мөлшерінде (2024 жылы 3 692 000 теңге) бекітілді", - деп жазылған хабарламада.
Банктік қарыз немесе микрокредит шартына қол қоймас бұрын банк немесе МҚҰ клиенттің тіркелген некесінің болуы туралы ақпаратты Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексереді.
Ақпарат расталған жағдайда және егер кредит сомасы белгіленген шектен асып кетсе, кредитор жұбайының (зайыбының) банктік қарыз немесе микрокредит беруге келісімін алуға міндетті.
Келісім еркін жазбаша нысанда банктің бөлімшелерінде немесе МҚҰ филиалында қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда ресімделеді.
Егер қарыз алушының жұбайы (зайыбы) кредитордың клиенті болған жағдайда, келісімді кредитордың мобильдік қосымшасы арқылы, өзге жағдайларда – клиенттің жұбайы (зайыбы) биометриялық идентификаттаудан өткен болса, "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы ресімдеуге болады.
Түзету болашақта отбасының жалпы бюджетіне теріс әсер етуі мүмкін, ерлі-зайыптының біреуінің келісілмеген кредит алуын болдырмауға бағытталған.
Сондай-ақ заңда қарыз алушының жұбайының (зайыбының) келісімінсіз берілген қарызды кредит берушінің есептен шығару міндеті көзделеді.
Түзетулер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.