EJOI-2024 олимпиадасы: қазақстандық оқушылар 4 медаль жеңіп алды

© Photo : Оқу-ағарту министрлігіEJOI-2024 олимпиадасы: қазақстандық оқушылар 4 медаль жеңіп алды
EJOI-2024 олимпиадасы: қазақстандық оқушылар 4 медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2024
Жазылу
Биылғы жылы жарысқа 50 елден келген 200-ге жуық оқушы қатысты
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Молдовада өткен EJOI-2024 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық оқушылар екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Биылғы жылы жарысқа 50 елден келген 200-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиада екі күнге созылды. Қатысушылар күн сайын үш тапсырмадан орындады, әр жинақ үшін төрт сағат қана берілді.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды:
Алтын медаль – Мансұр Мамадахунов, Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы "Білім-Инновация" дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Алтын медаль – Жан Анри, Алматы қаласындағы "Республикалық физика-математика мектебінің" 9-сынып оқушысы.
Күміс медаль – Исатай Исмағзи, Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Қола медаль – Арнұр Нұрғазин, Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 8-сынып оқушысы.
Жаңалықтар
0