https://sputnik.kz/20240820/batys-qazaqstanda-ush-adamnyn-omirin-qigan-zharylysqa-damkhana-basshysy-kinali-dep-tanyldy-46453339.html
Батыс Қазақстанда үш адамның өмірін қиған жарылысқа дәмхана басшысы кінәлі деп танылды
Батыс Қазақстанда үш адамның өмірін қиған жарылысқа дәмхана басшысы кінәлі деп танылды
Sputnik Қазақстан
Сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті қызметкерлеріне артпақ болды 20.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-20T16:21+0500
2024-08-20T16:21+0500
2024-08-20T17:30+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Оралда үш адамның өмірін жалмаған жарылысқа кінәлі деп танылған "Rizyq" дәмханасының басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.Қайғылы оқиға осы жылдың 4 қаңтарында болды."Rizyq" дәмханасының басшысы газ жабқытарын қолдану ережесін бұзғаны, салдарынан жарылыс болып, ғимараттың бір бөлігі құлағаны анықталды.Сот отырысы барысында сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті қызметкерлеріне артпақ болды.Алайда сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Ол сондай-ақ 3 жыл бойы мекемелерде әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық қызметпен айналыса алмайды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда үш адамның өмірін қиған жарылысқа дәмхана басшысы кінәлі деп танылды
16:21 20.08.2024 (жаңартылды: 17:30 20.08.2024) Сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті қызметкерлеріне артпақ болды
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Оралда үш адамның өмірін жалмаған жарылысқа кінәлі деп танылған "Rizyq" дәмханасының басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Қайғылы оқиға осы жылдың 4 қаңтарында болды.
"Rizyq" дәмханасының басшысы газ жабқытарын қолдану ережесін бұзғаны, салдарынан жарылыс болып, ғимараттың бір бөлігі құлағаны анықталды.
"Оқиға салдарынан үш адам қаза болып, бес адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды", - деп жазылған хабарламада.
Сот отырысы барысында сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті қызметкерлеріне артпақ болды.
Алайда сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Ол сондай-ақ 3 жыл бойы мекемелерде әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық қызметпен айналыса алмайды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.