https://sputnik.kz/20240820/azerbayzhannyn-50-den-astam-askeri-qyzmetshisi-qazaqstanga-keldi-46462525.html
Әзербайжанның 50-ден астам әскери қызметшісі Қазақстанға келді
Әзербайжанның 50-ден астам әскери қызметшісі Қазақстанға келді
Sputnik Қазақстан
Олар қазақстандық десантшылармен бірлесіп, таулы жерлерде барлау міндеттерін орындайды 20.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-20T20:39+0500
2024-08-20T20:39+0500
2024-08-20T20:41+0500
әскери қызметкер
әзербайжан
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e8/08/14/46459690_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4110a418ca2546547cc2c741cfef40fd.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Әзербайжан Республикасының 50-ден астам әскери қызметшісі "Алтын қыран-2024" халықаралық тактикалық арнайы оқу-жаттығуына қатысу үшін Қазақстанға келді.Олар қазақстандық десантшылармен бірлесіп, таулы жерлерде барлау міндеттерін орындайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.Қазақстан десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әзербайжан Республикасының Арнайы мақсаттағы күштерінің бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы алғаш рет өткізіліп отыр. Онда Әзербайжан әскери қызметшілері қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда алған нақты жауынгерлік тәжірибелерін бөліспек."Бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу кезінде біз барлау іс-қимылдарын жүргізу, таулы-шөлейт жерлерде заңсыз қарулы құралымдарды іздеп тауып, көзін жою секілді жауынгерлік әлеуетті дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – жауынгерлік достастықты нығайту", – деп атап өтті штаб бастығы –Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Алмас Исабеков.Әзербайжан Республикасының әскери қызметшілері барлық қажетті қару-жарақпен және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқу-жаттығудың жетекшісі Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің айтуынша, екі елдің әскери қызметшілер біріккен бөлімшелер құрамында барлау міндеттерін орындайды.Әскери қызметшілер ашылу салтанатынан кейін бірден оқу-жаттығу өткізілетін ауданға автокөлік техникасымен 300 шақырымдық марш жасап жетті. Онда ертеңнен бастап оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кіріспек."Алтын қыран-2024" халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы 20-23 тамыз аралығында Жетісу облысының "Көктал" оқу полигонында өтеді. Оған екі елден үш жүзден астам әскери қызметші қатысады.
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/14/46459690_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b2fb02fdd5e16831ee166623cbac74f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, әзербайжан, оқу-жаттығулар
әскери қызметкер, әзербайжан, оқу-жаттығулар
Әзербайжанның 50-ден астам әскери қызметшісі Қазақстанға келді
20:39 20.08.2024 (жаңартылды: 20:41 20.08.2024) Олар қазақстандық десантшылармен бірлесіп, таулы жерлерде барлау міндеттерін орындайды
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Әзербайжан Республикасының 50-ден астам әскери қызметшісі "Алтын қыран-2024" халықаралық тактикалық арнайы оқу-жаттығуына қатысу үшін Қазақстанға келді.
Олар қазақстандық десантшылармен бірлесіп, таулы жерлерде барлау міндеттерін орындайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қазақстан десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әзербайжан Республикасының Арнайы мақсаттағы күштерінің бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы алғаш рет өткізіліп отыр. Онда Әзербайжан әскери қызметшілері қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда алған нақты жауынгерлік тәжірибелерін бөліспек.
"Бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу кезінде біз барлау іс-қимылдарын жүргізу, таулы-шөлейт жерлерде заңсыз қарулы құралымдарды іздеп тауып, көзін жою секілді жауынгерлік әлеуетті дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – жауынгерлік достастықты нығайту", – деп атап өтті штаб бастығы –Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Алмас Исабеков.
Әзербайжан Республикасының әскери қызметшілері барлық қажетті қару-жарақпен және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқу-жаттығудың жетекшісі Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің айтуынша, екі елдің әскери қызметшілер біріккен бөлімшелер құрамында барлау міндеттерін орындайды.
Әскери қызметшілер ашылу салтанатынан кейін бірден оқу-жаттығу өткізілетін ауданға автокөлік техникасымен 300 шақырымдық марш жасап жетті. Онда ертеңнен бастап оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кіріспек.
"Алтын қыран-2024" халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы 20-23 тамыз аралығында Жетісу облысының "Көктал" оқу полигонында өтеді. Оған екі елден үш жүзден астам әскери қызметші қатысады.