Қазақстан Қытаймен су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

© Sputnik / Елена БережнаяРека Есиль близ Петропавловского гидроузла
Река Есиль близ Петропавловского гидроузла - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2024
Жазылу
Екі мемлекеттің мамандары кіретін бірлескен жұмыс тобы құжатты әзірлеумен айналысады
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазір Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр.
"Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді", - деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Келісім жасаудағы негізгі міндет Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету болып саналады.
Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Шаруаларға 6 млрд текше метрден астам су берілді
Жаңалықтар
0