https://sputnik.kz/20240818/zhanturshigerlik-zhol-apatynan-qaza-bolgan-politseyler-zher-qoynyna-tapsyryldy-46413021.html
Жантүршігерлік жол апатынан қаза болған полицейлер жер қойнына тапсырылды
Жантүршігерлік жол апатынан қаза болған полицейлер жер қойнына тапсырылды
Sputnik Қазақстан
Қаза болған полиция қызметкерлері "Айбын" орденіне ұсынылады 18.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-18T18:26+0500
2024-08-18T18:26+0500
2024-08-18T18:26+0500
полиция
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e8/08/12/46413111_0:31:1049:621_1920x0_80_0_0_3c13ddaeea2efcaf01a980d8d668eddb.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Жамбылдықтар Меркі – Шу – Бурылбайтал тасжолында қызмет атқару барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлады Polisia.kz.Жаназаға марқұмдардың отбасы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.Сондай-ақ қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді."Әріптестеріміздің қызмет барысында кенеттен қаза болғаны жайлы суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз үлес қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін. Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады", — деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді.Марқұмдардың жаназасы өз туған жерінде өткізілді — Ғалым Арыстанбаев Меркі ауданында, Абылайхан Әбішкен Талас ауданында жер қойнына тапсырылды.Қаза болған полиция қызметкерлері "Айбын" орденіне ұсынылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/12/46413111_92:0:959:650_1920x0_80_0_0_ee29eb6860dea1357e9d28fa9cb0ce47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, жол апаты
Жантүршігерлік жол апатынан қаза болған полицейлер жер қойнына тапсырылды
Қаза болған полиция қызметкерлері "Айбын" орденіне ұсынылады
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Жамбылдықтар Меркі – Шу – Бурылбайтал тасжолында қызмет атқару барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлады
Polisia.kz. Жаназаға марқұмдардың отбасы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.
Сондай-ақ қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.
"Әріптестеріміздің қызмет барысында кенеттен қаза болғаны жайлы суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз үлес қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін. Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады", — деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді.
Марқұмдардың жаназасы өз туған жерінде өткізілді — Ғалым Арыстанбаев Меркі ауданында, Абылайхан Әбішкен Талас ауданында жер қойнына тапсырылды.
Қаза болған полиция қызметкерлері "Айбын" орденіне ұсынылады.