Олимпиада жүлдегерлеріне 3 бөлмелі пәтер мен ақшалай сыйақы берілді

© Национальный олимпийский комитет КазахстанаНазым Кызайбай на Олимпиаде в Париже 2024
Назым Кызайбай на Олимпиаде в Париже 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Алматы облысында Париждегі Олимпиада ойындарынан оралған спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Олимпиадаға қатысушыларды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтап, облыс кәсіпкерлері атынан бағалы сыйлықтар табыс етті.
© Алматы облысы әкімдігіЖадыраев пен Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер мен ақшалай сыйақы берілді
Жадыраев пен Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер мен ақшалай сыйақы берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2024
Жадыраев пен Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер мен ақшалай сыйақы берілді
"Аймақ кәсіпкерлері халықаралық жарыстарда туған өңірінің намысын қорғап жүрген дарынды спортшыларды қолдауға әрқашан дайын. Біз сіздермен мақтанамыз, сіздердің медальдарыңыз – бұл жай ғана спорттық жүлделер емес, олар – батылдықтың, қайсарлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі", -деді Марат Сұлтанғазиев.
Олимпиадаға қатысушылардың жүлде қоры 24 миллион теңгені және 4 пәтерді құрады.
Өңір басшысы Алматы облысының кәсіпкерлері атынан Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа 10 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Қола жүлдегер Назым Қызайбайға да 3 бөлмелі пәтердің кілті мен 2 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Спортшылардың жаттықтырушылары да Жұмақан Тұрғанбеков пен Боранбек Қоңыратов өңірлік кәсіпкерлерден 2 миллион теңгенің сертификаты мен екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.
Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі Париждегі Олимпиада ойындарына қатысушыларға кәсіпкерлер атынан 2 миллион теңгенің сертификаттарын табыс етті:
Эдуард Ещенко (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Азия ойындары мен әлем кубогының жеңімпазы;
Әсем Орынбай (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Азия ойындары мен әлем кубогының жеңімпазы;
Мария Дмитриенко (стенд ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, әлемнің, Азия кубогының және Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері;
Никита Чирюкин (ату), Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, әлем және Азия чемпионы, Әлем кубогы мен Азия ойындарының қола жүлдегері.
Жаңалықтар
0