Тоқаев Сәтбаевтың 125 жылдығымен құттықтады
© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента КазахстанаПраздник на родине Каныша Сатпаева
Жазылу
Баянауылда мерекелік іс-шара өтті
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. Павлодар облысында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы өтті, деп хабарлайды парламенттің ресми сайты.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет басшысының тапсырмасымен Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Ғұлама ғалым, академиктің мерейтойы туған жері Баянауыл ауданында кең ауқымда атап өтілуде.
© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента Казахстанаа / Праздник на родине Каныша Сатпаева
Праздник на родине Каныша Сатпаева
Мәжіліс спикері салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
"Қаныш Сәтбаев – қазіргі заманғы қазақ ғылымының атасы. Ол Ұлттық ғылым академиясының негізін қалады, білікті ғалымдардың тұтас буынын тәрбиелеп шығарды, жаңа зерттеу жүйесін қалыптастырды. Сондықтан Ғылым қызметкерлері күні оның туған күніне орайластырылған. Халқымыздың біртуар перзенті көптеген кен орнын ашып, өндірістің дамуына өлшеусіз үлес қосты", - деп жазды Тоқаев.
Қаныш Сәтбаевтың еңбектерінің игіліктерін Қазақстан әлі көріп отыр, дейді президент.
"Сәтбаев мұрасы ұлтымыздың теңдессіз қазынасы саналады. Оның еңбегін жан-жақты дәріптеу – ортақ парыз. Болашақта Сәтбаев салған сара жол жалғасып, қазақ ғылымы қарқынды дами береді деп сенемін", – делінген мемлекет басшысының құттықтауында.
© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента Казахстанаа / Праздник на родине Каныша Сатпаева
Праздник на родине Каныша Сатпаева
Мерейтой аясында Баянауыл ауданы Мойылды шатқалында Қ.И.Сәтбаев этноауылы бой көтеріп, республикалық ақындар айтысы, ұлттық спорт түрлері – көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс өтті. Өңірде "Академик Қ.И.Сәтбаев феномені: кеше мен бүгін" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, естелік кітаптың тұсаукесері болды.