Маңғыстау облысының прокуратурасы әкімдіктердің жұмысындағы бұзушылықтарды анықтады

© Photo : Департамент полиции Актюбинской области Полицейский переводит школьников через дорогу по пешеходному переходу
Полицейский переводит школьников через дорогу по пешеходному переходу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Маңғыстау облысының прокуратурасы әкімдік жұмысындағы бұзушылықтарды анықтады.
Прокурорлар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізген. Нәтижесінде әкімдіктер мектептер мен балабақшалар бойындағы маңызды жол учаскелерінде жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуға және ауыстыруға қатысты полиция органдарының нұсқамаларын орындамағаны белгілі болды.
"Прокуратураның араласуынан кейін жергілікті билік қосымша 150 жаңа жол белгілерін орнатып, 280-нен астам жол белгілерін жаңартты, 17 көлденең жол белгілерін, оның ішінде білім беру мекемелеріне іргелес жолдарды бояды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралар жолдардағы қауіпсіздікті едәуір арттыруға және балалар арасындағы жарақаттануды азайтуға мүмкіндік береді, деп сенеді прокуратура.
Жаңалықтар
0