Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы әскердің төлемдеріне жұмсалуы мүмкін

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуБоевая работа 152-мм пушки 2А3б "Гиацинт-Б" на Краснолиманском направлении СВО
Боевая работа 152-мм пушки 2А3б Гиацинт-Б на Краснолиманском направлении СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Ұстаздар мен дәрігерлердің желтоқсан айындағы жалақылары Украина қарулы күштерінің әскерилеріне қыркүйек айындағы төлеміне жұмсалуы мүмкін, деп хабарлады украин парламентінің депутаты Андрей Николенко.
Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко 1 тамызда мәлімдегендей, Украина қарулы күштерін қаржыландыруды ұлғайту көздері таусылды, ал салықты ұлғайту мәжбүрлі шара болып отыр. Рада депутаты Ярослав Железняк 18 шілдеде Украина министрлер кабинеті салықты арттыру туралы заң жобасын дайындағанын хабарлады, атап айтқанда, ол әскери баж мөлшерлемесін көтеруді ұсынады.
Украина үкіметінің парламенттегі өкілі Тарас Мельничук 18 шілдеде Украина министрлер кабинеті қауіпсіздік пен қорғанысқа бюджет шығыстарын 495,3 миллиард гривенге (12 миллиард долларға жуық) арттыруды көздейтін заң жобасын мақұлдағанын хабарлады.
"Дәрігерлердің немесе мұғалімдердің желтоқсан айындағы жалақысы қыркүйекте әскерилерге бағытталуы мүмкін", - деп келтіреді жергілікті "Страна" басылымы Николенконың сөзін.
Оның айтуынша, Рада жақын арада салықты көбейту туралы заң жобасын мақұлдаса да, бұл ақша мемлекет бюджетіне миллиардтар әкеледі деген сөз емес. Ол, керісінше, салықты көтеру экономиканың құлдырауына әкелуі мүмкін екенін айтты.
Украиналық парламентарий Александра Устинова бұған дейін мәлімдегендей, мемлекеттік бюджеттегі тапшылық Батыстың қаржыландыруымен жабылуда. Егер АҚШ Киевке көмектесуді тоқтатса, билік G7 елдеріне көмек сұрауға мәжбүр болады.
Жаңалықтар
0