Шын мұқтаждар анықталады: әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2024
Жазылу
Министрлік АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтап жатыр
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері ұсынылып, талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы азаматтардың шығысын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойған болатын.
"Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияларды пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсетуді трансформациялау жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманованың айтуынша қазіргі уақытта министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтап жатыр.
Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. шығыстардың түрлерін қарастыру жоспарлануда.
"Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізуге қатысты емес. Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізіледі", – деді Айнұр Әбдірахманова.
Сондай-ақ АӘК тағайындау тетігіндегі алдағы өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні аталып өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасындағы 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған.
Жаңалықтар
0