Шығыс Қазақстанда жүктілік туралы жалған анықтама жасаған фельдшер сотталды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы анықтаманың – ресми құжатын қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады.
Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған.
Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды. Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп күдікті 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
2024 жылы 8 тамызда сот фельдшерге тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Жаңалықтар
0