Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдетілді

© Sputnik / Болат ШайхиновКайрат Сатыбалдыулы
Кайрат Сатыбалдыулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2024
Жазылу
Сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Өскемен қаласының №2 соты тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сатыбалды сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру, ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сотталған өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талабын орындағанын атап көрсеткен.
"Сотталған өзінің өтінішхатын қанағаттандыруды сұрады. Негіз ретінде өзінің оң мінездемесін, үкім бойынша залалдың орнын толтырғанын, сондай-ақ жалпы сомасы 700 млрд теңгеден астам мүлікті және өзге де қаражатты өз еркімен мемлекетке қайтарғанын айтты", - деп хабарлады сот.
Прокурор Сатыбалдының өтінішхатын қанағаттандыруды сұрап, ол жазаны ауыстыру үшін барлық шартты орындағанын, сондай-ақ мемлекетке өз еркімен мүлікті бергенін атап өтті.
ҚК-нің 73-бабы ауырлығы орташа қылмыстар немесе ауыр қылмыстар үшін сотталған адамды жазаның өтелмеген бөлігінің қалған бөлігін мынадай жағдайларда неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастыру мүмкіндігін көздейді:
жаза мерзімінің кемінде 1/3 бөлігін өтегеннен кейін;
келтірілген залал толық өтелген жағдайда;
не жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзушылықтардың болмауы.
Сатыбалды орташа ауыр қылмыс және ауыр қылмыс жасаған. Ол жазаның 1/3 бөлігінен астамын өтеген.
Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғанға оң баға берді, тәрбие іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін көтермеленген.
Қылмыстан келген залал толығымен өтелген. Сот үкімімен өндіріп алынған сомалар (іс жүргізу шығындары, мәжбүрлі төлем) төленген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Сатыбалдыға пробациялық бақылау белгіленді. Тұрақты жұмысы болмаған жағдайда сотталған жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Сот қаулысымен оған мынадай міндеттер жүктелген:
"Соттың қаулысы тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне заңды күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде есепке қою үшін келу, сотталған адамның (пробация қызметінің) мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етпей тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау, басқа да міндеттерді орындау сотталғанды түзеуге және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал етеді", - деп толықтырды сот.
Міндеттерін орындамаған жағдайда бас бостандығын шектеу бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны түсіндірілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, оған шағым жасалуы мүмкін.
Жаңалықтар
0