https://sputnik.kz/20240816/kanada-ukrainaga-berilgen-qarudyn-qoldanu-ayasyn-shektemeytinin-malimdedi-46379062.html
Канада Украинаға берілген қарудың қолдану аясын шектемейтінін мәлімдеді
Канада Украинаға берілген қарудың қолдану аясын шектемейтінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Канаданың қорғаныс министрлігі Украина канадалық қару-жарақты Ресей аумағында пайдалана алатынын айтты, деп хабарлады CBC... 16.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-16T17:57+0500
2024-08-16T17:57+0500
2024-08-16T17:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e5/05/19/17149327_0:512:2730:2048_1920x0_80_0_0_291ba8bd046fb447c1e522156de331c0.jpg
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Канаданың қорғаныс министрлігі Украина канадалық қару-жарақты Ресей аумағында пайдалана алатынын айтты, деп хабарлады CBC телеарнасы.Телеарнаның хабарлауынша, Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы кезінде канадалық техниканың қолданылған-қолданылмағаны белгісіз.Дегенмен америкалық CNN телеарнасының бейнематериалында канадалық Roshel Senator броньдалған тасымалдағыш техникасы көрініс тапқан.Ресей президентінің көмекшісі Николай Патрушев бұған дейін мәлімдегендей, Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылы НАТО мен Батыстың барлау қызметтерінің қатысуымен жоспарланған.Ал Ресейдің Германиядағы елшісі Сергей Нечаевтың айтуынша, Украинаның Курск аймағына шабуылы Киевке Батыс қаруы өз территориясын қорғау үшін емес, террор жасау үшін қажет екенін көрсетті.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді және НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.6 тамызда таңғы сағат 5.30-да Украина қарулы күштерінің бөлімдері Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты, олардың алға қарай ілгерілеуі тоқтатылды, деп хабарлады Ресей қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/19/17149327_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_bcac233644fc6e47dfabcc3a0d46b682.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Канаданың қорғаныс министрлігі Украина канадалық қару-жарақты Ресей аумағында пайдалана алатынын айтты, деп хабарлады CBC телеарнасы.
"Канада Украинаға берілген әскери техниканы пайдалануды географиялық тұрғыдан шектемейді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Телеарнаның хабарлауынша, Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы кезінде канадалық техниканың қолданылған-қолданылмағаны белгісіз.
Дегенмен америкалық CNN телеарнасының бейнематериалында канадалық Roshel Senator броньдалған тасымалдағыш техникасы көрініс тапқан.
Ресей президентінің көмекшісі Николай Патрушев бұған дейін мәлімдегендей, Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылы НАТО мен Батыстың барлау қызметтерінің қатысуымен жоспарланған.
Ал Ресейдің Германиядағы елшісі Сергей Нечаевтың айтуынша, Украинаның Курск аймағына шабуылы Киевке Батыс қаруы өз территориясын қорғау үшін емес, террор жасау үшін қажет екенін көрсетті.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді және НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
6 тамызда таңғы сағат 5.30-да Украина қарулы күштерінің бөлімдері Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты, олардың алға қарай ілгерілеуі тоқтатылды, деп хабарлады Ресей қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов.