Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды

© Алматы қаласының әкімдігіАлматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды
Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 тамыз - Sputnik. Орталық стадионда өрт-құтқару спортынан ұлдар мен жасөспірімдер арасындағы XIII әлем чемпионатының және қыздар мен жасөспірімдер арасындағы IX әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Шараны ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов ашты. Чемпионатқа қатысушыларды қарсы ала отырып, ол алдағы іс-шара жоғары деңгейде өтетініне және әлемнің өрт сөндіру-құтқару қызметтерінің кәсіби деңгейін көтеретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының президенті Александр Чуприян, Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы Атқарушы комитетінің директоры Андрей Калинин және жарыстың бас төрешісі Сергей Бакиров құттықтау сөз сөйледі.
Жаңалықтар
0