Жетісу облысында 3 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства осмотрел посевные площади ТОО "Дайындык-Агро" и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2024
Жазылу
Сот қаулысымен ЖШС-ге 1 млн 292 мың теңге айыппұл салынды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3000 гектарға жуық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше "А" ЖШС-не ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмауына қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
Ақсу ауданында орналасқан учаскенің ауданы 2910,0 га құрады. Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабы бұзылғаны анықталды, оған сәйкес ЖШС-ға міндетті нұсқама жолданып, оны орындауға бір жыл уақыт берілді.
"ЖШС-ға шығарылған ұйғарымның талаптары орындалмады. Осыған байланысты департамент Ақсу аудандық сотына ЖШС қатысты әкімшілік шараларды қолдану туралы талап арыз жолдады", - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен ЖШС-ге 1 млн 292 мың теңге айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жерді мақсатты және ұтымсыз пайдаланғаны үшін жер пайдаланушылар "жосықсыз жер пайдаланушылар" тізіліміне енгізілетінін қосамыз. Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруге жол берілмейді.
Жаңалықтар
0