https://sputnik.kz/20240815/uqk-men-kolik-ministrliginin-shygynyn-qysqartu-turaly-sheshim-qabyldandy-46351068.html
ҰҚК мен Көлік министрлігінің шығынын қысқарту туралы шешім қабылданды
ҰҚК мен Көлік министрлігінің шығынын қысқарту туралы шешім қабылданды
Sputnik Қазақстан
Республикалық бюджетке енгізілетін түзетулер талқылауға шығарылды 15.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-15T20:12+0500
2024-08-15T20:12+0500
2024-08-15T20:12+0500
қаржы министрлігі
https://sputnik.kz/img/735/30/7353037_0:317:6016:3701_1920x0_80_0_0_bdb0a8d73a4ccc84434279302c862b54.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстан қаржы министрлігі ҰҚК мен Көлік министрлігінде, тағы да бірқатар ведомствода шығынды қысқарту туралы шешім қабылдады.Қаржы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға шығарды. Талқылау "Ашық НҚА" порталында жарияланды.Ведомство құжатта қай саланың қаржысы қысқаратынын егжей-тегжейлі жазған:Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызметті үйлестіру шығынын - 366 миллион теңгені (762,7 мың доллар) қысқартады. Сондай-ақ шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шаралар 6 миллион теңгеге (12,5 мың доллар) азаяды.Қорғаныс министрлігі "Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету" бабы бойынша шығынды 118 миллион теңгеге (245,9 мың доллар) азайтады. Бірақ жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды даярлауға арналған бюджетті 229 миллион теңгеге (477,2 мың доллар) ұлғайтады.Ал қаржы мониторингі агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмсаған шығыны 300 миллион теңгеге (625,2 мың доллар) өсті. Энергетика министрлігі газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы трансферттерді 464 миллион теңгеге (967 мың доллар) қысқартады, ал өнеркәсіп министрлігі ТКШ шығынын 2 миллиард теңгеге (4,1 миллион доллар) азайтады.Қазақстан үкіметінің резерві 6,5 миллиард теңгеге (13,5 миллион доллар) ұлғайды. Бұл ретте 2024 жылға арналған бюджет шығысының көлемі өзгеріссіз қалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/30/7353037_331:0:5686:4016_1920x0_80_0_0_d7b2982e53a656e46616ab695fe0466e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы министрлігі
ҰҚК мен Көлік министрлігінің шығынын қысқарту туралы шешім қабылданды
Республикалық бюджетке енгізілетін түзетулер талқылауға шығарылды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстан қаржы министрлігі ҰҚК мен Көлік министрлігінде, тағы да бірқатар ведомствода шығынды қысқарту туралы шешім қабылдады.
Қаржы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға шығарды. Талқылау "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Ведомство құжатта қай саланың қаржысы қысқаратынын егжей-тегжейлі жазған:
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – 5,9 миллиард теңгеге қысқарады (12,2 миллион доллар);
Көлік министрлігі - 3,8 миллиард теңгеге азаяды (7,9 миллион доллар);
Қаржы министрлігі - минус 1,9 миллиард теңге (3,9 миллион доллар);
ҰҚК – 98 миллион теңгеге (204,2 мың доллар) қысқарады.
Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызметті үйлестіру шығынын - 366 миллион теңгені (762,7 мың доллар) қысқартады. Сондай-ақ шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шаралар 6 миллион теңгеге (12,5 мың доллар) азаяды.
Қорғаныс министрлігі "Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету" бабы бойынша шығынды 118 миллион теңгеге (245,9 мың доллар) азайтады. Бірақ жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды даярлауға арналған бюджетті 229 миллион теңгеге (477,2 мың доллар) ұлғайтады.
Ал қаржы мониторингі агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмсаған шығыны 300 миллион теңгеге (625,2 мың доллар) өсті. Энергетика министрлігі газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы трансферттерді 464 миллион теңгеге (967 мың доллар) қысқартады, ал өнеркәсіп министрлігі ТКШ шығынын 2 миллиард теңгеге (4,1 миллион доллар) азайтады.
Қазақстан үкіметінің резерві 6,5 миллиард теңгеге (13,5 миллион доллар) ұлғайды. Бұл ретте 2024 жылға арналған бюджет шығысының көлемі өзгеріссіз қалады.