Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңгенің активін қайтарады

© Sputnik / Болат ШайхиновКайрат Сатыбалдыулы
Кайрат Сатыбалдыулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2024
Жазылу
Жалпы Қайрат Сатыбалды 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды
АЛМАТЫ, 15 тамыз - Sputnik. Қайрат Сатыбалды мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активті қайтарады, деп хабарлайды Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті хабарлайды
Қазіргі таңда 18 млрд теңгеге активтер қайтарылды.
"Олардың қатарында Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар. Сатыбалдыұлынан тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары Арнайы мемлекеттік қорға аударылды", - дейді ведомство.
Сонымен қатар жүздеген миллион теңгеге эксклюзивті зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар және басқа да сәнді бұйымдар (көлемі 174 атау бар) мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер қайтарылды.
Қ.Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі жалпы сомасы 33 млрд теңге болатын шетелдік мүліктің тапсырылуы аяқталу сатысында.
"Оларға: Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге тұратын екі бағалы вилла; Францияның Көкшіл жағалауындағы құны 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер; құны 5 млрд теңге тұратын Ресейдің Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік; құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум және Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер жатады", - дейді комитет.
Жалпы Қайрат Сатыбалды 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды.
Еске сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған дүние-мүліктің тізімін жариялаған болатын.
Жаңалықтар
0