https://sputnik.kz/20240815/mausym-ayynda-133-mynga-zhuyq-avtokolik-esepke-qoyyldy-46346757.html
Маусым айында 133 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Маусым айында 133 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Sputnik Қазақстан
1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 5 506,9 мың автокөлік тіркелген 15.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-15T22:50+0500
2024-08-15T22:50+0500
2024-08-15T22:50+0500
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446176_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_ec945b3c49a26ba6d4eb7622a4a20dab.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың маусымында 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% аз, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан, бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды.Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 168,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 154 мың бірлік.
https://sputnik.kz/20240626/qazaqstanda-avtokolik-ondirisi-mamyrda-34-ga-tomendegen-45183831.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446176_112:0:2841:2047_1920x0_80_0_0_7cf67989b05b002ea144b2771e2183e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік
Маусым айында 133 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 5 506,9 мың автокөлік тіркелген
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың маусымында 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% аз, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
"Осылайша 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 506,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобиль, 9,9% – жүк автомобилі және 2,1% – автобус", - деп жазылған хабарламада.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан, бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7–10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды.
Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 168,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 154 мың бірлік.