https://sputnik.kz/20240815/kelesi-zhyly-ekonomika-56-payyz-dengeyinde-osedi--ukimet-bolzhamy-46346890.html
Келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өседі – үкімет болжамы
Келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өседі – үкімет болжамы
Sputnik Қазақстан
Ал инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжанып отыр 15.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-15T16:21+0500
2024-08-15T16:21+0500
2024-08-15T16:24+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0f/46346316_0:54:1280:774_1920x0_80_0_0_755e8cd60e7f8d512107a074834430cc.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Президент үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады, деп хабарлады Ақорда. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті.Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр.Мемлекет басшысы үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.Жиынға премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0f/46346316_89:0:1192:827_1920x0_80_0_0_df2b9257cf273c8dbca35053be21c852.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика
Келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өседі – үкімет болжамы
16:21 15.08.2024 (жаңартылды: 16:24 15.08.2024) Ал инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжанып отыр
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Президент үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады, деп хабарлады Ақорда.
Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті.
"Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды", - делінген хабарламада.
Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр.
Мемлекет басшысы үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.
Жиынға премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.