Астанада рекордтық көлемде мектептер салынып жатыр

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуСтроительство жилого комплекса, архивное фото
Строительство жилого комплекса, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Астанада мектептердің рекордты саны салынып жатыр. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымды) 30-дан астам мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылында 20-дан астам мектеп салынады. Бұл туралы 2024 жылғы тамыз педагогтар форумы кезінде хабарланды.
Мысалы, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Samruk-Kazyna Construction 24 жайлы мектеп салады (2024-2025 жылдар аралығында). Жаңа үлгідегі мектептер екі ауысымда 90 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы мектептердің 8-ін жаңа оқу жылының басында тапсыру жоспарланып отыр. Бұл жайлы мектептер мына мекенжайларда орналасады:
Сарыарқа ауданында Ұлытау мен Наурыз көшелерінің қиылысында, Бейбарыс Сұлтан көшесінде;
Нұра ауданында Төле би және 24 көшелерінің қиылысында;
- Есіл ауданында Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында;
Нұра ауданында Төле би көшесі, 31, Мәңгілік Ел даңғылы мен Е-497 көшелерінің қиылысында, Орынбор көшесі мен №37 көшелердің қиылысында;
Алматы ауданында А. Байтұрсынов көшесі бойында.
Сондай-ақ, оқу жылының басында жоғарыда аталған оқу орындарынан басқа тағы 3 мемлекеттік және бір жеке мектеп ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 7 жайлы мектеп, 2 мемлекеттік мектеп және 2 жекеменшік мектеп ашу жоспарланып отыр. Осылайша, жаңа оқу жылында 20-дан астам мектеп салынады.
Жаңалықтар
0