341 млн теңге жымқырған: Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К.Хангиреева мен А.Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды.
Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.
"Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды", — деп мәлімдеді Антикордан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0