Қазақстанда бау-бақша алқабы азайды. Бұл қарбыз бен қауын өніміне әсер ете ме?

© Photo : Акимат ЮКОРанние арбузы из Южного Казахстана
Ранние арбузы из Южного Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2024
Жазылу
Биыл қауын мен қарбыздың бағасы соңғы жылдардағы рекордтарды жаңартты
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Биыл Қазақстанда бақша дақылдарының егіс алқабы 8,9%-ке азайды, деп хабарлады Energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының есептеріне сәйкес, биыл 98,1 мың гектар жерге қарбыз бен қауын егілген. Былтыр 107,6 мың гектардан өнім жиналды.
Қауын мен қарбызды көп еккен облыс – Түркістан. Бұл облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егіс алқаптарының қысқаруы әртараптандырумен және ауыл шаруашылығы дақылдарының неғұрлым тиімді түрлеріне көшумен байланысты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы фермерлер 2,8 миллион тонна бақша дақылдарын жинады, оның 1,4 миллион тоннасы қарбыз. Бұл қиын әрі құрғақшылық жылы қол жеткізген рекордтық көрсеткіш.
Көктемгі су тасқынынан кейін Шардара су қоймасы 90%-ке толып, Түркістан облысының фермерлері судан таршылық көрмеген. Олар қазірдің өзінде жазда қарбыздың екінші өнімін алуға дайындалып жатыр. Егін жақсы шықты, бірақ кәсіпкерлер барлық өнімді сата алмайды. Қауындар жай ғана мал азығына жарап жатыр.
Қазақстанда қауын импортының үлесі өте аз, небәрі 1,6%. Статистикаға сүйенсек, басқа елдерден бақша дақылдарының көп бөлігі жергілікті фермерлер үшін маусымнан тыс айларда Қазақстанға импортталады.
Қазақстандық фермерлер де экспортқа аздап жөнелтеді. Өткен жылы Қазақстаннан бақша дақылдары экспортының көлемі небәрі 31,9 мың тонна ғана болды.
Қазақстандық өнімнің негізгі импорттаушылары – Ресей мен Беларусь. Биыл қауын мен қарбыздың бағасы соңғы жылдардағы рекордтарды жаңартты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше биыл маусымда қарбыздың бір килограмы 259 теңгеден сатылды, ал шілдеде бағасы екі есеге жуық, 135 теңгеге дейін төмендеді. Биыл жаздың бірінші айында қауынның бір килограмы 456 теңге, ал шілдеде баға 24,1%-ке, 346 теңгеге дейін арзандады.
Жаңалықтар
0