https://sputnik.kz/20240814/federatsiya-kenesi-buu-nyn-kursk-aymagyna-kiru-turaly-otinishin-qauipti-dep-atady-46325166.html
Федерация Кеңесі БҰҰ-ның Курск аймағына кіру туралы өтінішін қауіпті деп атады
Федерация Кеңесі БҰҰ-ның Курск аймағына кіру туралы өтінішін қауіпті деп атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Курск аймағына кіру туралы өтінішін орындау... 14.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-14T20:01+0500
2024-08-14T20:01+0500
2024-08-14T20:01+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0d/41558613_0:43:1492:882_1920x0_80_0_0_bedffbeb8d68bbc5b0a902122449d24c.png
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Курск аймағына кіру туралы өтінішін орындау қазіргі уақытта қиын, өйткені құқық қорғаушылардың тиісті қауіпсіздігін ешкім қамтамасыз ете алмайды, деді Ресей Федерация кеңесінің халықаралық комитеті басшысының бірінші орынбасары, Владимир Жабаров Telegram-арнасында, деп хабарлады РИА Новости.Біріккен Ұлттар Ұйымының Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы сәрсенбі күні Ресейден Украина әскерилерінің адам құқықтарын бұзғаны туралы мәлімдемелерді тексеру үшін Курск аймағына кіруге рұқсат беруді сұрады.Сенатор бұл керісінше Украина қарулы күштерін ақтап, Ресей қарулы күштеріне қарсы жасалатын арнайы дайындалған шара болуы мүмкін екенін де айтты."Маған бұл идея ұнамай тұр", - деп түйіндеді Жабаров.6 тамыз күні таңғы сағат 5.30-да Украина қарулы күштерінің бөлімдері Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты, олардың ілгерілеуі тоқтатылды, деп хабарлады Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимов.Курск, Белгород және Брянск облыстарында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Курскте федералды сипаттағы төтенше жағдай да іске қосылды.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0d/41558613_129:0:1362:925_1920x0_80_0_0_74208a949aa6ee594d14d8a7b3e45b40.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Курск аймағына кіру туралы өтінішін орындау қазіргі уақытта қиын, өйткені құқық қорғаушылардың тиісті қауіпсіздігін ешкім қамтамасыз ете алмайды, деді Ресей Федерация кеңесінің халықаралық комитеті басшысының бірінші орынбасары, Владимир Жабаров Telegram-арнасында, деп хабарлады РИА Новости.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы сәрсенбі күні Ресейден Украина әскерилерінің адам құқықтарын бұзғаны туралы мәлімдемелерді тексеру үшін Курск аймағына кіруге рұқсат беруді сұрады.
"Бұл жалпы жақсы идея емес. Ол жерде шайқас жүріп жатыр, аумақтарды тазарту жүріп жатыр және қазір құқық қорғаушылардың қауіпсіздігін ешкім қамтамасыз ете алмайды", - деп жазды ол.
Сенатор бұл керісінше Украина қарулы күштерін ақтап, Ресей қарулы күштеріне қарсы жасалатын арнайы дайындалған шара болуы мүмкін екенін де айтты.
"Маған бұл идея ұнамай тұр", - деп түйіндеді Жабаров.
6 тамыз күні таңғы сағат 5.30-да Украина қарулы күштерінің бөлімдері Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шықты, олардың ілгерілеуі тоқтатылды, деп хабарлады Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимов.
Курск, Белгород және Брянск облыстарында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Курскте федералды сипаттағы төтенше жағдай да іске қосылды.