Еліміздегі мектептердің 88%-і инклюзивті білім беруге жағдай жасады

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуАрхивное фото школьного учителя
Архивное фото школьного учителя - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.
"Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам", — деп атап көрсетті оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Жаңалықтар
0