https://sputnik.kz/20240814/batys-qazaqstanda-12-mynnan-astam-adamdy-sumen-qamtityn-su-qoymasy-salynady-46283348.html
Батыс Қазақстанда 12 мыңнан астам адамды сумен қамтитын су қоймасы салынады
Батыс Қазақстанда 12 мыңнан астам адамды сумен қамтитын су қоймасы салынады
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ тіршілік көзі мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады 14.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-14T08:25+0500
2024-08-14T08:25+0500
2024-08-14T08:45+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820299_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_6ccf522b647cfd3b107f6e079f311896.jpg
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 28 млн текше метр су жинайтын Жалпақтал су қоймасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі."Қазсушар" филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайыновтың айтуынша, бұл 12 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге және лиманды суару алаңын 12 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал ол мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады.Бүгінгі таңда мекеме тұтынушылармен су беру туралы 210 келісімшарт жасады, оның 197-і жергілікті шаруалар. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін кәсіпорын 15,8 млн текше метр, ал санитарлық-экологиялық іс–шараларға 22,9 млн текше метр су жіберді."БҚО бойынша "Қазсушар" филиалы 13 гидротехникалық құрылысты жөндеп, Киров су қоймасын реконструкциялау жұмысын жүргізді. Сондай – ақ, Шаған өзені, Көшім магистральдық арнасы мен 67,6 шақырым каналды механикалық әдіспен тазалады", - деп түйіндеді "Қазсушар" өкілі.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820299_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_d1f2a478fc4457d31e3578df8cdd3d8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда 12 мыңнан астам адамды сумен қамтитын су қоймасы салынады
08:25 14.08.2024 (жаңартылды: 08:45 14.08.2024) Сондай-ақ тіршілік көзі мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 28 млн текше метр су жинайтын Жалпақтал су қоймасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазсушар" филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайыновтың айтуынша, бұл 12 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге және лиманды суару алаңын 12 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал ол мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады.
"Биыл "Қазсушар" филиалы Батыс Қазақстан облысында 146 мың га лиман мен табиғи жайылымды суаруға 562 млн текше метр су жіберді", - деді Құсайынов.
Бүгінгі таңда мекеме тұтынушылармен су беру туралы 210 келісімшарт жасады, оның 197-і жергілікті шаруалар. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін кәсіпорын 15,8 млн текше метр, ал санитарлық-экологиялық іс–шараларға 22,9 млн текше метр су жіберді.
"БҚО бойынша "Қазсушар" филиалы 13 гидротехникалық құрылысты жөндеп, Киров су қоймасын реконструкциялау жұмысын жүргізді. Сондай – ақ, Шаған өзені, Көшім магистральдық арнасы мен 67,6 шақырым каналды механикалық әдіспен тазалады", - деп түйіндеді "Қазсушар" өкілі.