Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Алматы облысының полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік іс-шара жүргізді.
"Қарасай ауданының аумағында орналасқан үш кірпіш зауыты мен "Алтын Орда" сауда-логистикалық орталығы тексерілді. Нәтижесінде ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 175 шетел азаматы жауапкершілікке тартылып, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан 95 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді", – деді облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарыкбасов.
Полиция мәліметіне сәйкес, шетелдік азаматтардың көпшілігі Қазақстанға жұмыс істеу үшін келеді. Бірақ басым көпшілігі көші-қон заңнамасының талаптарын сақтай бермейді.
"Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей "e-Qonaq" электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады", – деді Рүстем Жарыкбасов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз курьер болып жүрген бір топ шетелдік еліне қайтарылғанын жазған едік.
Жаңалықтар
0