https://sputnik.kz/20240813/zhambyl-oblysynda-zhyl-sonyna-deyin-19-zhana-ondiris-iske-qosylady-46271867.html
Жамбыл облысында 6,3 мың жұмыс орны ашылады: Қарашөкеев президентке есеп берді
Жамбыл облысында 6,3 мың жұмыс орны ашылады: Қарашөкеев президентке есеп берді
Sputnik Қазақстан
Облыс экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіп секторының үлесі 64,5 пайызға жетті 13.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-13T12:55+0500
2024-08-13T12:55+0500
2024-08-13T12:59+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берілді.Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, облыс экономикасы қарқынды өсіп келеді. Атап айтқанда, құрылыс саласында 12,3 пайыз, байланыста 8,5 пайыз, көлік бағытында 7,4 пайыз, аграрлық секторда 4 пайыз өсім бар. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 2,3 пайызға (311 мың шаршы метр) артқан. Негізгі капиталға 196,3 миллиард теңге тартылған.Облыс экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіп секторының үлесі 64,5 пайызға жетті. Бұл ретте шетелдік ірі компаниялармен келісім аясында жүзеге асып жатқан фосфор өнеркәсібінің рөлі айрықша. Бүгінде аймақ шаруалары егін жинау науқанына кірісіп кетті. Болжам бойынша биыл негізгі дақылдардың жалпы түсімі 2,1 миллион тоннаға жетеді.Сонымен қатар мемлекет басшысына өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде баяндалды. Нақты айтқанда, облыста 26 денсаулық сақтау, 41 білім беру мекемесінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл 452 медициналық жабдық пен 38 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда. Жыл соңына дейін 19 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 2 апатты, 4 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен, сондай-ақ оқушы орны жетіспейтін 10 мектептің мәселесі шешіледі.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың соңына дейін 37 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен гүлзарлар, арналар мен арықтар тазартылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.Кездесу соңыңда президент облыс әкіміне өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
Жамбыл облысында 6,3 мың жұмыс орны ашылады: Қарашөкеев президентке есеп берді
12:55 13.08.2024 (жаңартылды: 12:59 13.08.2024) Облыс экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіп секторының үлесі 64,5 пайызға жетті
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берілді.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, облыс экономикасы қарқынды өсіп келеді. Атап айтқанда, құрылыс саласында 12,3 пайыз, байланыста 8,5 пайыз, көлік бағытында 7,4 пайыз, аграрлық секторда 4 пайыз өсім бар. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 2,3 пайызға (311 мың шаршы метр) артқан. Негізгі капиталға 196,3 миллиард теңге тартылған.
"Өңірдің 2027 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде жалпы құны 2,5 триллион теңгені құрайтын 70 жоба бар. Бұл 6,3 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін 19 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Облыс экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіп секторының үлесі 64,5 пайызға жетті. Бұл ретте шетелдік ірі компаниялармен келісім аясында жүзеге асып жатқан фосфор өнеркәсібінің рөлі айрықша. Бүгінде аймақ шаруалары егін жинау науқанына кірісіп кетті. Болжам бойынша биыл негізгі дақылдардың жалпы түсімі 2,1 миллион тоннаға жетеді.
Сонымен қатар мемлекет басшысына өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде баяндалды. Нақты айтқанда, облыста 26 денсаулық сақтау, 41 білім беру мекемесінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл 452 медициналық жабдық пен 38 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда. Жыл соңына дейін 19 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 2 апатты, 4 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен, сондай-ақ оқушы орны жетіспейтін 10 мектептің мәселесі шешіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың соңына дейін 37 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен гүлзарлар, арналар мен арықтар тазартылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.
Кездесу соңыңда президент облыс әкіміне өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.