https://sputnik.kz/20240813/qazaqstandagy-aes-qurylysy-taldyqorganda-qogamdyq-tyndaular-otti--46278679.html
Қазақстандағы АЭС құрылысы: Талдықорғанда қоғамдық тыңдаулар өтті
Қазақстандағы АЭС құрылысы: Талдықорғанда қоғамдық тыңдаулар өтті
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Азаматтық альянсы халықпен кездесу өткізді 13.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-13T17:33+0500
2024-08-13T17:33+0500
2024-08-13T17:33+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0d/46276587_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_9e91f5928069914e5a937f18b0cd9a14.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысты қоғамдық талқылаулар өтті.Шараның бастамашысы – Қазақстанның Азаматтық альянсы. Халықпен кездесуге энергетика министрлігі, "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС, Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтының өкілдері де шақырылды.Атом электр станциясына қатысты әркім өз пікірін білдіре алды. Мәселен, облыс тұрғындарын жобаны қаржыландыру және АЭС қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі, сонымен қатар АЭС-ке қызмет көрсету үшін қажетті жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі қызықтырды.Бұған сарапшылар атом электр станциясын салуға кететін қомақты шығын оны пайдалану құнының төмендігімен және нысанның ұзақ қызмет ету мерзімімен өтеледі деп жауап берді. Сонымен қатар, атом электр станцияларында радиациялық фон жоқ, ал атмосфераға CO2 шығарындылары жылу электр станцияларымен салыстырғанда өте аз екенін айтты.Халық тарапынан алуан түрлі пікір болды. Мәселен, энергетика саласының еңбек сіңірген ардагері Серік Демидов атом энергиясы тұрақты электр энергиясының көзі болғандықтан, АЭС салатын кез келгенін айтты. Сонымен қатар, атом электр станциясының салынуы ел экономикасының дамуына зор үлес қосады."АСПМК-519" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Виктор Сычев та АЭС пайдасына уәж айтты. Ол да электр қуатының тапшылығын және басқа елдерден сатып алудың пайдасыз және қымбат екенін айтты. Сычевтің айтуынша, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша үлкен бағдарламалар бар, бірақ сонымен бірге елге электр қуатының тапшылығын толтыру үшін қуатты электр станциясы қажет."Шешім – өзіміздің атом электр станциясын салу, сондықтан бізге бір емес, бірнеше сенімді станция салу керек. Біз әріптестеріміздің жобаның қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы ұсынысын қолдаймыз", - деді Виктор Сычев.Жетісу өңірінің жастар альянсы да Қазақстанда атом электр станциясын салу идеясын қолдады. Альянс басшысының айтуынша, технология дамыған сайын энергия тұтыну артып келеді және шұғыл шаралар қабылданбаса, бұл қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін проблемаға айналады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0d/46276587_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_a294e034c83229e340f9f390958e316b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Қазақстандағы АЭС құрылысы: Талдықорғанда қоғамдық тыңдаулар өтті
Қазақстанның Азаматтық альянсы халықпен кездесу өткізді
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысты қоғамдық талқылаулар өтті.
Шараның бастамашысы – Қазақстанның Азаматтық альянсы. Халықпен кездесуге энергетика министрлігі, "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС, Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтының өкілдері де шақырылды.
Атом электр станциясына қатысты әркім өз пікірін білдіре алды. Мәселен, облыс тұрғындарын жобаны қаржыландыру және АЭС қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі, сонымен қатар АЭС-ке қызмет көрсету үшін қажетті жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі қызықтырды.
Бұған сарапшылар атом электр станциясын салуға кететін қомақты шығын оны пайдалану құнының төмендігімен және нысанның ұзақ қызмет ету мерзімімен өтеледі деп жауап берді. Сонымен қатар, атом электр станцияларында радиациялық фон жоқ, ал атмосфераға CO2 шығарындылары жылу электр станцияларымен салыстырғанда өте аз екенін айтты.
Халық тарапынан алуан түрлі пікір болды. Мәселен, энергетика саласының еңбек сіңірген ардагері Серік Демидов атом энергиясы тұрақты электр энергиясының көзі болғандықтан, АЭС салатын кез келгенін айтты. Сонымен қатар, атом электр станциясының салынуы ел экономикасының дамуына зор үлес қосады.
"Қазақстанның энергия тапшылығы бар ел екенін бәріміз білеміз. Павлодар облысынан солтүстік-оңтүстік транзиттік желісі салынды. Бұл да жетіспейді. Атом электр станциясын салатын кез келді. Алдағы уақытта электр қуатының тапшылығын бастан кешіретініміз анық. Станцияның жобалық-сметалық құжаттары мен құрылысына 10 жыл қажет. Бірақ біз бір орында тұра алмаймыз", – дейді Серік Демидов.
"АСПМК-519" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Виктор Сычев та АЭС пайдасына уәж айтты. Ол да электр қуатының тапшылығын және басқа елдерден сатып алудың пайдасыз және қымбат екенін айтты. Сычевтің айтуынша, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша үлкен бағдарламалар бар, бірақ сонымен бірге елге электр қуатының тапшылығын толтыру үшін қуатты электр станциясы қажет.
"Шешім – өзіміздің атом электр станциясын салу, сондықтан бізге бір емес, бірнеше сенімді станция салу керек. Біз әріптестеріміздің жобаның қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы ұсынысын қолдаймыз", - деді Виктор Сычев.
Жетісу өңірінің жастар альянсы да Қазақстанда атом электр станциясын салу идеясын қолдады. Альянс басшысының айтуынша, технология дамыған сайын энергия тұтыну артып келеді және шұғыл шаралар қабылданбаса, бұл қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін проблемаға айналады.