"Балқаш Жылудың" басшылығы 708 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2024
Жазылу
Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. "Балқаш Жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды.
Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын жүргізуге арналған 708 млн теңге бюджет қаражатын жалған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен ұрлаған.
Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды.
"Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.
Жаңалықтар
0