https://sputnik.kz/20240812/uzdik-pedagog-bayqauy-bastaldy-46239273.html
"Үздік педагог" байқауы басталды
"Үздік педагог" байқауы басталды
Sputnik Қазақстан
Жеңімпаздарға 3 миллион 450 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі 12.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-12T09:25+0500
2024-08-12T09:25+0500
2024-08-12T09:25+0500
ұстаз
https://sputnik.kz/img/1168/64/11686427_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_7edfa76155b8c0ab93c9215dbf27825c.jpg
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Білім күні қарсаңында елімізде "Үздік педагог" байқауы басталды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.Конкурс үш кезеңнен тұрады:Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді.Байқауға қатысуға өтінімдер uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында қабылданады."Үздік педагог" республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды."Үздік педагог" атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі", - деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.Айта кетері, "Үздік педагог" атағының иегерлеріне 1 мың АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1168/64/11686427_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_747faf0d101e45abb0c73a4fb4fba654.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұстаз
"Үздік педагог" байқауы басталды
Жеңімпаздарға 3 миллион 450 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Білім күні қарсаңында елімізде "Үздік педагог" байқауы басталды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
I кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);
II кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);
III кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді.
Байқауға қатысуға өтінімдер
uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында қабылданады.
"Үздік педагог" республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.
"Үздік педагог" атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі", - деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Айта кетері, "Үздік педагог" атағының иегерлеріне 1 мың АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.