Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия сарапшысы жаңа жылда Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс тоқтайды деп болжады

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Украина халқы желтоқсанның ортасында басталуы мүмкін референдум мен Ресеймен бейбіт келіссөз жүргізуге дайындалып жатыр, деп хабарлады РИА Новостиге түрік сарапшысы Энгин Озер.
"Қақтығыс кезіндегі Ыстамбұл келіссөздерінен кейін бейбітшілікке мұнша жақын процесс болған емес. Владимир Зеленский бейбіт келіссөздерге тыйым салғанымен, Ресейді бейбіт конференцияға шақыруға болатынын мәлімдеді, бұл өте маңызды оқиға. Екінші жағынан, жақында Украина президенті соғысқа қатысты кейбір маңызды шешімдерді халық референдум кезінде қабылдауы керек деп мәлімдеді", - деді сарапшы.
Оның айтуынша, бейбіт келіссөзге қатысушы тараптардың ұстанымдары әлі де бір-бірінен өте алшақ.
"Шамасы, бұл процесс Дональд Трамптың АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жету ықтималдылығы артуына байланысты пайда болған сияқты. Киев әкімшілігі жағдай осылай өзгерсе, әскери көмек азайып, дипломатиялық шешімге қысым күшейетініне сенімді. Осы себепті қақтығыс аймағындағы екі тарап та келіссөздер басталмай тұрып өз позицияларын бекітіп, келіссөз жүргізу мүмкіндігін күшейтуге тырысуда. Дегенмен Трамптың жеңіске жетуі нақты емес, сондықтан Зеленский қарашаға дейін мұндай бейбіт риториканы күшейтеді", - деді сарапшы.
Энгин Озердің пікірінше, Қытайдың бастамалары мен делдал рөлі бейбітшілікке деген үмітті арттырады.
"Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның Бейжіңге сапары осы мәселе белгілі бір нүктеге жеткенін көрсетті. Соңғы бірнеше аптада Украина әкімшілігіне жақын кейбір сарапшылар мен журналистер халықты референдум мен бейбіт келіссөздерге дайындап жатқаны анық байқалды. Желтоқсанның ортасында келіссөздер басталып, жаңа жылда бітімгершілік келісімге қол қойылады немесе қақтығысты тоқтату туралы шешім қабылданады", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Владимир Зеленский Monde басылымына берген сұхбатында аумақтық мәселені референдумда Украина халқы шешуі керектігін және бұл өте күрделі мәселе екенін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
0