https://sputnik.kz/20240812/temirzholdy-belgilenbegen-tustan-kesip-otken-28-mynnan-astam-azamat-zhauapqa-tartyldy-46264738.html
Теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өткен 28 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды
Теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өткен 28 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Елімізде 28 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 12.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-12T22:05+0500
2024-08-12T22:05+0500
2024-08-12T22:05+0500
теміржол
полиция
https://sputnik.kz/img/1069/34/10693464_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_4d243d2002c9522c8c76463233054584.jpg
Елімізде 28 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті белгіленбеген жерлерден теміржолдарды кесіп өткені үшін 28 589 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 205, жануарлардың болуына байланысты – 956. 55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болды. Департамент бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысы Қарабұлақ – Талдықорған аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. "Өкінішке орай, қайғылы оқиғалардың көпшілігі теміржолда жүріп-тұру ережелерін сақтамау салдарынан болады. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбейді", – деді Б.Малыбаев. Көлік полицейлері профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде азаматтарға теміржол аймағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін жиі ескертеді. Жаяу жүргіншілердің төсем арқылы өтпес бұрын теміржолда пойыздың, локомотивтің немесе вагондардың жоқтығына әбден көз жеткізгендері жөн. Тіпті, пойыздың сигналын есту үшін құлаққап пен бас киімді шешіп өту өте маңызды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/34/10693464_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_88540bab0480cf662c9f7f3c50814f6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, полиция
Елімізде 28 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті белгіленбеген жерлерден теміржолдарды кесіп өткені үшін 28 589 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде адамдардың болуына байланысты – 205, жануарлардың болуына байланысты – 956. 55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болды.
Департамент бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысы Қарабұлақ – Талдықорған аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
"Өкінішке орай, қайғылы оқиғалардың көпшілігі теміржолда жүріп-тұру ережелерін сақтамау салдарынан болады. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбейді", – деді Б.Малыбаев.
Көлік полицейлері профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде азаматтарға теміржол аймағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін жиі ескертеді. Жаяу жүргіншілердің төсем арқылы өтпес бұрын теміржолда пойыздың, локомотивтің немесе вагондардың жоқтығына әбден көз жеткізгендері жөн. Тіпті, пойыздың сигналын есту үшін құлаққап пен бас киімді шешіп өту өте маңызды.