https://sputnik.kz/20240812/eaeo-men-tmd-kolik-salasyn-damytudyn-2030-zhylga-deyingi-birlesken-zhosparyn-azirlep-zhatyr-46241125.html
ЕАЭО мен ТМД көлік саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бірлескен жоспарын әзірлеп жатыр
ЕАЭО мен ТМД көлік саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бірлескен жоспарын әзірлеп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жоспарда экономикалық процестерді одан әрі дамыту да қарастырылған 12.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-12T13:49+0500
2024-08-12T13:49+0500
2024-08-12T13:49+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/38004075_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_07838add602908f01d919e2c2df6271b.jpg
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД Атқарушы комитеті екі интеграциялық бірлестіктер аумағында көлік дәліздерін дамыту бойынша ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.Олар сондай-ақ ЕЭК-тің ТМД елдерінің аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге сәйкес жұмыс істейтін үйлестіру органдарының жұмысына қатысуын қарастырды. Бұған дейін ЕЭК-тің мұндай бастамасын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі қолдады.Кездесуге қатысушылар ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті арасында жасалған қолданыстағы меморандумдар негізінде, сондай-ақ 2018 жылдың 27 қарашасындағы ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын ескере отырып, бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау қажеттігі туралы келісті."Бірлескен іс-шаралардың маңыздылығы мен оларды жүзеге асыру мерзімдері ЕАЭО елдерінің мемлекет басшылары қол қойған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына сәйкес анықталуға тиіс. Ол 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге ЕАЭО аясындағы экономикалық процестерді одан әрі дамытуды көздейді", - деді ЕЭК министрі.Кездесу қорытындысы бойынша 2030 жылға дейін көлік дәліздерін дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау ниеті туралы хаттамаға қол қою туралы шешім қабылданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/38004075_17:0:2746:2047_1920x0_80_0_0_c4a08427832c2fa63959a463a7b816ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО мен ТМД көлік саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бірлескен жоспарын әзірлеп жатыр
Жоспарда экономикалық процестерді одан әрі дамыту да қарастырылған
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мен ТМД Атқарушы комитеті екі интеграциялық бірлестіктер аумағында көлік дәліздерін дамыту бойынша ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
"Біз бір ортақ іс істі қолға алдық және күш біріктіру арқылы бұдан да үлкен нәтижеге қол жеткізе аламыз", - деп мәлімдеді ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев ТМД КҮК Атқару комитетінің төрағасы Геннадий Бессоновпен кездесуі барысында.
Олар сондай-ақ ЕЭК-тің ТМД елдерінің аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге сәйкес жұмыс істейтін үйлестіру органдарының жұмысына қатысуын қарастырды. Бұған дейін ЕЭК-тің мұндай бастамасын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі қолдады.
Кездесуге қатысушылар ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті арасында жасалған қолданыстағы меморандумдар негізінде, сондай-ақ 2018 жылдың 27 қарашасындағы ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын ескере отырып, бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау қажеттігі туралы келісті.
"Бірлескен іс-шаралардың маңыздылығы мен оларды жүзеге асыру мерзімдері ЕАЭО елдерінің мемлекет басшылары қол қойған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына сәйкес анықталуға тиіс. Ол 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге ЕАЭО аясындағы экономикалық процестерді одан әрі дамытуды көздейді", - деді ЕЭК министрі.
Кездесу қорытындысы бойынша 2030 жылға дейін көлік дәліздерін дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындау ниеті туралы хаттамаға қол қою туралы шешім қабылданды.