Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Берлин Киевпен Украина әскерінің Курск аймағына жасаған шабуылын талқылайды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуФлаг Германии у здания Рейхстага в Берлине.
Флаг Германии у здания Рейхстага в Берлине. - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Германия үкіметі мен НАТО-дағы серіктестер Киев билігімен Украина қарулы күштерінің Курск аймағындағы шабуылы және Украинаға жеткізілген Батыс қаруын қолдану мәселелері бойынша пікір алмасуға ниетті. Бқл туралы Германия үкіметінің өкілі Вольфганг Бюхнер айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Қазір бұл мәселеге қатысты қоғамдық түсініктеме беру, яғниқазіргі әскери оқиғаларды шындықтан оқшаулап түсініктеме беру немесе бағалау қателік болар еді. Бұл белгілі бір миссияларға арналған қару-жарақ жүйелеріне де қатысты. Мұның барлығын біз Киевтегі ең жақын серіктестерімізбен және үкіметпен жүргізетін қарқынды пікір алмасу кезінде талқылаймыз", - деді Бюхнер үкімет отырысында Курск маңында неміс қаруын қолдануға Киевтің рұқсаты бар-жоғы туралы сұраққа жауап беріп.
Ресей қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов 6 тамыз күні сағат 5.30-да Украина қарулы күштерінің мың адамға дейінгі бөлімшелері Курск облысындағы аумақты басып алу мақсатында шабуылға шыққанын хабарлады. Украина әскерінің Ресей аумағына тереңірек өтуі тоқтатылды, деді ол.
Ресей президенті Владимир Путин Курск аймағындағы жағдайға түсініктеме бере отырып, Киев режимі кезекті ауқымды арандатушылыққа барды және бейбіт нысандарды қоса алғанда, бей-берекет оқ жаудырды деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0