https://sputnik.kz/20240811/toqaev-braziliya-prezidentine-konil-aytu-zhedelkhatyn-zholdady-46220002.html
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның... 11.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-11T14:08+0500
2024-08-11T14:08+0500
2024-08-11T14:23+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40028016_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_662a55ad021a9f3a74dd397288001926.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда."Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.9 тамызда Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы құлады. Бортта 62 адам – 58 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болған. Барлығы қаза тапты. Алдын ала мәліметке сәйкес, ATR-72 (PS-VPB) ұшағының екі қанатында мұз қатып қалған. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Қаза тапқандардың барлығы – Бразилия азаматтары, бір адамда Португалия азаматтығы болған. Жолаушылар ұшағы адамдар тұратын ауданға құлаған. Бірақ жерде ешкім зардап шеккен жоқ. Бразилияда үш күндік аза тұту жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40028016_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_00424e6afcf4f36694dc6f29324a59c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
14:08 11.08.2024 (жаңартылды: 14:23 11.08.2024) АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
9 тамызда Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы құлады. Бортта 62 адам – 58 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болған. Барлығы қаза тапты. Алдын ала мәліметке сәйкес, ATR-72 (PS-VPB) ұшағының екі қанатында мұз қатып қалған. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Қаза тапқандардың барлығы – Бразилия азаматтары, бір адамда Португалия азаматтығы болған. Жолаушылар ұшағы адамдар тұратын ауданға құлаған. Бірақ жерде ешкім зардап шеккен жоқ. Бразилияда үш күндік аза тұту жарияланды.