https://sputnik.kz/20240811/qazaqstannyn-uzdik-veloshabandozy-olimpiada-nege-barmady--uok-zhauap-berdi-46227880.html
Қазақстанның үздік велошабандозы Олимпиада неге бармады – ҰОК жауап берді
Қазақстанның үздік велошабандозы Олимпиада неге бармады – ҰОК жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитеті маңғыстаулық велошабандоз Сергей Пономаревке қатысты түсініктеме берді. Ол ең жоғары ұпай жинаса да... 11.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-11T17:55+0500
2024-08-11T17:55+0500
2024-08-11T17:55+0500
олимпиада-2024
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45723858_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_508128cf42f94345d1da6f00f70d0e7b.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитеті маңғыстаулық велошабандоз Сергей Пономаревке қатысты түсініктеме берді. Ол ең жоғары ұпай жинаса да, Париж Олимпиадасына жіберілген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап. ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербектің айтуынша, велотректің квотасы жеке спортшыға берілмейді. Сондықтан Олимпиадаға баратын велошабандозды бас бапкердің өзі таңдайды. Бұған дейін велошабандоз Сергей Пономаревтың бапкері Жанұя Сейітова Олимпиадаға іріктеудің әділетсіз жүргізілгенін мәлімдеген. Оның айтуынша, шәкірті спринт және кейрин жарыстарында жеңіске жетіп, ең жоғары ұпай жинаған. Екі алтын алса да, Олимпиадаға басқа спортшыны жіберген. "Сергей Пономарев жолдама үшін ең көп ұпай жинаған. 2023 жылдың басынан бері Әлем кубоктарына және чемпионаттарға қатысып, ұпайдың 90 процентін әкелді. Бірақ бас бапкер басқа спортшыны таңдады", - дейді Сейітова. Айта кетері, Париж Олимпиадасында велотрек жарыстарына Андрей Чугай қатысқан. Бірақ ширек финалға да шыға алмады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45723858_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_963d7052e65a40da5a3866d2dcde7279.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада-2024
Қазақстанның үздік велошабандозы Олимпиада неге бармады – ҰОК жауап берді
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитеті маңғыстаулық велошабандоз Сергей Пономаревке қатысты түсініктеме берді. Ол ең жоғары ұпай жинаса да, Париж Олимпиадасына жіберілген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Lada.kz порталына сілтеме жасап.
ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербектің айтуынша, велотректің квотасы жеке спортшыға берілмейді. Сондықтан Олимпиадаға баратын велошабандозды бас бапкердің өзі таңдайды.
"Ұлттық Олимпиада комитеті жарыстарға, соның ішінде Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды іріктеуге қатыспайды. Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесіне сәйкес, нақты спорт түрі бойынша квота берілгеннен кейін республикалық федерация ол квотаны пайдаланғанын растауы қажет. Сол кезде Ұлттық Олимпиада комитетіне қатысу туралы өтінім беріледі, онда спортшының аты-жөні жазылады. Ал Ұлттық Олимпиада комитеті өз кезегінде Халықаралық Олимпиада комитетіне квотаны пайдаланғаны туралы ақпаратты және федерацияның өтінімін жібереді", - дейді Нөгербек.
Бұған дейін велошабандоз Сергей Пономаревтың бапкері Жанұя Сейітова Олимпиадаға іріктеудің әділетсіз жүргізілгенін мәлімдеген. Оның айтуынша, шәкірті спринт және кейрин жарыстарында жеңіске жетіп, ең жоғары ұпай жинаған. Екі алтын алса да, Олимпиадаға басқа спортшыны жіберген.
"Сергей Пономарев жолдама үшін ең көп ұпай жинаған. 2023 жылдың басынан бері Әлем кубоктарына және чемпионаттарға қатысып, ұпайдың 90 процентін әкелді. Бірақ бас бапкер басқа спортшыны таңдады", - дейді Сейітова.
Айта кетері, Париж Олимпиадасында велотрек жарыстарына Андрей Чугай қатысқан. Бірақ ширек финалға да шыға алмады.